jasqazaq.kz

Түркістан: Ерте піскен қауын экспортқа жөнелтіле бастады

28 мамыр, 14:18

Түркістан облысының экономикалық дамуында ауыл шаруашылығының үлесі мол. Өңір дихандары ерте көктемде білек сыбанып іске кіріседі де, жаз шықпай жатып алғашқы өнімді жинай бастайды.

Жетісай ауданының шаруалары биыл 79,3 мың гектар суармалы жердің 43 мың гектарына мақта шитін сепсе, 16,7 мың гектар жерге бақша, 7,5 мың жерге дәндік жүгері, 3,6 мың га жерге көкөніс пен 6,7 мың гектар алқапқа малазықтық дақылдарын еккен. Бүгінгі күнде көкөніс дақылдарынан 36 мың тонна өнім жиналған.

Сондай-ақ егістік алқаптарда егілген қауын дақылдарының алғашқы өнімі пісіп те үлгерген.
Соңғы 15 жылдан бері диқаншылықпен айналысып келе жатқан жетісайлық шаруа Әл-Фараби Ж. Күзенбаев Ералиев ауылдық округіндегі 50 гектар жеріне қауынның «Нұр-Бакинка» және «Дампера» сорттарын ексе, 250 гектарына мақта шитін сепкен. Жылдағы әдеті бойынша биыл да бақша өнімдерін өзгелерден ерте нарыққа шығарып отыр.
Қожалық төрағасының ерте көктемде отырғызған көшеттері жоспардағы 65 күнде емес, 70 күнде дайын болған. Енді сұранысқа сәйкес, Ресей Федерациясына 100 тонна қауынды экспорттап жатыр. Баға да жаман емес, килосын 400 теңге.

«Әл-Фараби» шаруа қожалығының төрағасы: «Биыл қауынымыз жылдағыдан сәл ертелеу пісті. Сұраныс та жақсы. Ағын судан қиыншылықтар болғанымен, тапшылық сезілмеді. Алғашқы өнімдерімізді Ресейге экспорттап жатырмыз. Біз егістік басынан келісін 400 теңгеден саудалаудамыз, көрші елде бізден де қымбат. Ешқандай делдалсыз өнімді егістік басынан өзіміз көліктерге тиеп, жіберіп жатырмыз», — дейді.

Қазір 30-ға тарта жергілікті тұрғынды жалдап, күніне 8-12 мың теңге аралығында ақы төлеп отырған шаруа орта есеппен гектарынан 400 центнерден өнім алуды жоспарлауда.
Түркістан облысы әкімдігінің мәліметінше, өткен жылы 79,3 мың гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдары егілген ауданда 110 мың тонна мақта, 549 мың тонна бақша, 88,8 мың тонна көкөніс, 46,1 мың тонна дәнді және бұршақты, 67,7 мың тонна мал азығына арналған дақылдар жиналған.

Ал Сарыағаш ауданындағы шаруалар 2,1 мың гектар жерге ерте пісетін картоп егіп, қазіргі уақытта өнім жинауға кірісіп кетті. Осылайша шаруалар маңдай тері арқылы азық-түлік қауіпсіздігіне өз үлестерін қосып келеді.

Жалпы биыл ауданда жалпы 75,7 мың гектар егістік жерге егін егілді. Оның ішінде 51,1 мың гектары – бұршақты және майлы дақылдар (бидай – 40,5 мың гектар, жүгері – 1,5 мың гектар, арпа – 7,9 мың гектар, күнбағыс –224 гектар, мақсары – 910 гектар), 479 гектары бақша, 2,1 мың гектары картоп, 10,6 мың гектары көкөніс болса, 11,5 мың гектарға мал азығы егілді.

Қазіргі таңда ерте пісетін картоп алқаптары ауданға қарасты Қабланбек, Құркелес, Жарты төбе және Тегісшіл ауылдық округтерінде орналасқан.

JQ-Aqparat
Сурет: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

16 қазан, 18:24
Алматыда коммуналдық техника паркі жаңартылып, жаңа қар ерітетін кешендер ашылып жатыр
16 қазан, 16:33
Медеу ауданында тұрғындардың өтінішімен 280 метрден астам баспалдақ жаңартылды
16 қазан, 16:13
Дархан Сатыбалды ауа сапасын бақылау мен заңсыз қоқыс орындарын жоюды тапсырды
06 қазан, 11:27
Алматыда Азаматтық қоғамды дамытуға арналған форум өтті
30 қыркүйек, 11:51
Алматы: Сапалы ауыз сумен қамту бағытында
25 қыркүйек, 13:46
Алматы: Көлік инфрақұрылымындағы жаңа белес
25 қыркүйек, 13:15
Бүгінгі Әлемнің Тілеуі – Қауіпсіз Ғалам
23 қыркүйек, 16:23
"Үлкен Алмадағы" жемісті жүздесу
22 қыркүйек, 15:31
TEKNOFEST 2025: Стамбулды технология ордасына айналдырған фестиваль өтті