jasqazaq.kz

Түркістан: Ерлі-зайыпты полицейлер еліне адал қызмет етеді

17 маусым 2024, 13:51

Біздің елде бір салада жұмыс істейтін ерлі-зайыптылар көп. Сондай жұптың бірі — Түркістан облысының құқық қорғау органдарында қызмет етіп жүрген Асылхан Әлібай мен Тойсұлу Нартай.

Ішкі істер министрлігінің Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының түлегі Асылхан Қайсарұлы Әлібай алғашқы еңбек жолын 2021 жылы Мақтаарал аудандық полиция бөлімінің анықтаушысы лауазымынан бастаған. Бүгінде Сауран ауданының полиция бөлімінде қызметін жалғастыруда. Өмірлік серігі Тойсұлу Мұратқызы Нартай 2023 жылдан бері Сауран ауданында учаскелік полиция инспекторы лауазымында қызмет атқарып келеді.

Полицей Асылханның сөзінше, бұл мамандықты таңдап, білім алып, шыңдалуын да ата-анасының еңбегі көп. Сол кісілердің сенімін ақтап, халықтың ұлы болсам, арманым жоқ деп жеткізді. Сондай-ақ мұндай жауапкершілігі мол мамандықты таңдағанына мүлдем өкінбейтінін алға тартты.

Асылхан мен Тойсұлудың танысуы да қызық. Күнделікті қызмет барысында жол-көлік оқиғасы бойынша жәбірленушінің қал-жағдайын білуге барған анықтаушы Асылхан, ол кезде өзінің болашақ келіншегінің анасынан жауап алып жатқанын білмепті. Осындай оқыс оқиға кезінде басталған таныстық, екі жұптың шаңырақ көтеруімен сәтті аяқталды. Өз ісіне тиянақты, жауапкершілігі мол жас полицейдің тірлігіне тамсанған Тойсұлудың анасы қызына «Күйеу балам осындай болса ғой…» деген екен. Ауруханада анасының жанында жүрген бойжеткенді полицей Асылхан да сырттай ұнатып жүрген. Ақырында жастардың әңгімесі жарасып, сөз байласады. Асылхан Тойсұлудың ішкі істер органдарына кіргісі келетін арманын іске асыруға бағыт-бағдар берді. Қолынан келгенінше қолдап, екеуі бірге нәтижеге жетті.

Биыл мамыр айында отау құрған жас жұбайлар болашаққа нық сеніммен қарайды. «Бүгінгі күні үйде де, қызметте де біргеміз. Ерлі-зайыптылардың бір салада қызмет істегені оңайырақ секілді. Бір-бірінің жұмысын жақсы түсіне алады. Таңертең ерте тұру, тәуліктің қандай уақытында болмасын шақыртуларға бару, жиналыстар да, саптық жиындар да бірге жүру — екеумізге де ортақ іс. Бастаған қызметімізді аяғына дейін жеткізіп, абыроймен зейнетке шықсақ, көпбалалы полицейлер отбасы болсақ…», — дейді олар.

Полиция лейтенанты Тойсұлу тәулік бойы өзінің әкімшілік аумағында тәртіптің сақталуын қамтамасыз етуде. Жас та болса, бас болып, әріптестері арасында өзін жақсы жағынан танытып келеді. Қоғамдық іс-шараларға белсенді қатысады. Мәселен, осы жылы «Полиция аруы-2024» атағын жеңіп алды. Екі жастың ата-анасы олардың қызметте өсіп-өркендеуіне себеп болып, әрдайым қолдау көрсетеді.

Ал Асылхан мен Тойсұлу қол ұстасып, Отанына адал қызмет етуді жалғастырады.

JQ-Aqparat

Суреттер: Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Бүгін, 15:39
Түрксіб ауданы Алматының «жасыл-желегі жайқалған қала» мәртебесін нығайтып жатыр: 772 мыңнан астам ағаш егіліп, көшелер көгалданды
Бүгін, 15:30
Алматының Түрксіб ауданы осы маусымдағы ең ауқымды абаттандыру жұмысын аяқтап, тұрғындар таңдаған 32 жобаны жүзеге асырды
14 қараша, 18:02
Жасыл желек пен жарық — Алматыда Торайғыров көшесінде ауқымды жаңарту жұмыстары аяқталды
14 қараша, 17:40
Алматыда мектептің сыйымдылығы 300 оқушыға дейін ұлғайтылады
14 қараша, 17:37
"Таза Қазақстан": Алматыда «Қағаз boom» экологиялық акциясы өтті
12 қараша, 13:39
Алматының Бостандық ауданында жаңа емхананың құрылысы аяқталуға жақын
11 қараша, 11:04
Дархан Сатыбалды: Сәулеттік жарықтандыру қаланы заманауи әрі қауіпсіз етеді
10 қараша, 10:44
Дархан Сатыбалды Алматыдағы жаңа скверді аралады
31 қазан, 19:45
APEC ашық әрі әділ сауда-саттықты қолдауға шақырды