Түркістан: Екі ауданда полиция сыныбы ашылды

09 қыркүйек, 14:59

Түркістан облысы полиция департаментінің бастығы Мұрат Қабденовтің тапсырмасына сәйкес, полиция мамандығының оң имиджін қалыптастыру мақсатында аудан көлемінде жалпы білім беретін мекемелерде «Полиция сыныптары» ашылуда.

Түркістан облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, Түлкібас ауданы Ғ.Мұратбаев жалпы орта мектебінде қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапқан полицей Нұрғали Қуандықұлы Молдақұловтың есімімен «Полиция сыныбы» ашылды.

Шараға аудан әкімінің орынбасары Марат Сүгірәліұлы, Түркістан облыстық полиция департаменті тәрбие және кадр жұмысы басқармасы бастығының орынбасары Ерлан Шәмшат, аудандық полиция бөлімінің бастығы Бекарыс Сұлтанов, ардагерлер кеңесінің төрағасы Сауранбек Жанқашұлы және мектеп ұжымы, ішкі істер органдары ардагерлері мен ауыл ақсақалдары қатысты.

«Жас сақшы» полиция сыныптарын құру, ең алдымен, Отанға деген сүйіспеншілікті тәрбиелеуге, мектеп ортасында құқық бұзушылықтың алдын алуға және мамандық таңдауда көмек көрсетуге бағытталған.

Осы сәтті пайдалана отырып, жас тәртіп сақшыларын мектеп бітірген соң ІІМ жоғары оқу орындарына түсіп, Қазақстанның гүлденуі, Отанын сүю, әрбір адамның бірлігі мен сенімін бағалау жолында ішкі істер органдарында қызмет етуді жалғастыруға шақырамын, – деді полиция полковнигі Ерлан Шамшат.
Полиция сыныбының ашылу салтанатында мектептің 11-сынып оқушыларынан 18 оқушы ант беріп «жас сақшы» қатарына қосылды.
Сондай-ақ Жетісай аудандық полиция бөлімінің ұйымдастыруымен №1 М.Горький атындағы мектеп гимназиясында Отан үшін қызмет етіп, ІІО-да қызмет атқару кезінде қаза тапқан полиция полковнигі Әбдіғаппар Бердіқұлұлы Серікбаевтың атына полиция сыныбы ашылды.

Сыныптың ашылу рәсіміне аудан әкімі Серік Мамытов Түркістан облыстық полиция департаменті тәрбие және кадр жұмысы басқармасының орынбасары Ерлан Шәшат, Әбдіғаппар Серікбаевтің жұбайы Айнаш Сатиева, ұлы Сұлтан Әбдіғаппарұлы арнайы қатысты.

Сыныптың ашылу салтанатында Жетісай аудандық полиция бөлімінің бастығы полиция полковнигі Сапарбеков Әділбек Абдрайымұлы сөз сөйлеп өскелең ұрпаққа полиция мамандығының қоғамда алатын рөлі жайлы айта келіп, марқұм болған Әбдіғаппар Серікбаев туралы жылы естеліктерін айтты.
Аталмыш сыныпты ашудағы мақсат — жас жеткіншектер арасында Қазақстан полициясының имиджін көтеру, ержүректілікті дәріптеу, Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық рухта оқушыларды тәрбиелеу.

Тәлім-тәрбиесі, мақсаты ауқымды шарада полиция полковнигі болған Әбдіғаппар Серікбаевтің өмір жолы, ерлігі, қызмет атқарған жылдары туралы деректер айтылды.

Ал кадет сыныбының алғашқы мүшелері болған жоғары сынып оұушылары өз Отанының қорғаушысы болуға, қоғамдық жұмыстарда белсенділік танытуға ант берді.

JQ-Aqparat
Суреттер: Түркістан ПД баспасөз қызметі

26 желтоқсан, 17:55
Пәлен жерде алтын бар. Барса...
23 желтоқсан, 18:08
Жаңа жылда Kaspi Red+ арқылы шоппинг үшін 15% бонус!
20 желтоқсан, 11:58
Абайлаңыз, ел ішін "Омикрон" кезіп жүр
18 желтоқсан, 16:00
“Жастар тоқтамай жаңа әндер жазуы керек”. Ерлан Көкеев трендтегі әндерге байланысты пікір білдірді
17 желтоқсан, 13:58
Телефон жоғалса не істеу керек?
17 желтоқсан, 12:23
«Ән мәтінін бақылайтын арнайы орган болуы керек». Ақын Асқар Дүйсенбі қазіргі әндердің мәтініне қатысты пікір білдірді
13 желтоқсан, 14:31
“Қайратпен өнерімізді түгел көрсетіп болдық”. Сырым Исабаев не себепті сахнадан кетті?
12 желтоқсан, 12:12
Ернұр Айнаев: Жастардың жыныстық сауатын арттыру қажет
11 желтоқсан, 12:47
Журналистер ақпарат бәсекесінде неге блогерден жеңіледі?