jasqazaq.kz

Түркістан: егістік сусыз қалмайды

24 мамыр 2025, 12:16

Түркістан облысында егістік жерлерді үздіксіз сумен қамту мәселесіне айрықша мән беріледі. Осы орайда Түркістан әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков өңірдегі вегетациялық кезеңнің атқарылуы бойынша арнайы мәжіліс өткізіп, өзекті мәселелерді саралады.

Облыстық аауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Файзулла Байдуллаевтың мәліметінше, егістікке қажетті ағын су көлемі шаруалардың сұранысына сәйкес жеткізіліп, вегетациялық маусым қалыпты деңгейде басталды. Облысқа тиесілі жылдық су пайдалану лимитінің 63 пайызы көрші мемлекеттердің аумағынан келеді. Үкімет аралық бекітілген лимиттің көлемі — 1,1 млрд текше метр. Трансшекаралық «Достық» магистралды каналы арқылы Жетісай, Мақтаарал аудандары ағын сумен қамтамасыз етіледі. Суармалы жер көлемі 140 мың.гектар. Қазіргі таңда вегетацияға 30 м3/сек ағын су босатылуда.

«Зах», «Ханым», «Үлкен Келес» магистралды каналдары арқылы ағын сумен Сарыағаш, Келес, Қазығұрт аудандары қамтамасыз етіледі. Қазіргі таңда вегетацияға 40 м3/сек ағын су босатылуда. Суармалы жер көлемі — 67,8 мың гектар.

«Қазсушар» РМК Түркістан облысы бойынша филиалының директоры Қазыбек Бедебаев мекеме тарапынан атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарды баяндады.
Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев күрделі жөндеу жоспарланған су арналарына тоқталып, қаржыландыруға ұсынылған жобалау-сметалық құжаттардың жайын қозғады.
Аудан әкімдерінің орынбасарларына су үнемдеу технологиясын ендіру бойынша бекітілген межені орындау ескертілді.

Облыс әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков: «Шаруалар ағын суға тең қол жеткізуі тиіс. Су тапшылығы орын алмау үшін барлық ықтималдар мен тәуекелдер сараланып, өзектілігіне қарай ұсыныстар әзірлеңіздер», – деді

Мәжіліс қорытындысымен бірқатар тапсырмалар нақтыланып, жауаптылар бекітілді.

JQ-Aqparat
Сурет: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

12 қантар, 13:42
Заңгер: Кінәсі сотпен дәлелденсе ғана - қылмыскер
26 желтоқсан 2025, 17:18
ЮНЕСКО тізімі және цифрландыру: тарихи-мәдени мұраны сақтау саласында қандай жұмыс жүргізілді?
26 желтоқсан 2025, 13:06
Айлалы роман: алаяқтар танысу сайттарында қалай алдайды
25 желтоқсан 2025, 16:53
Даңқты батыр Бауыржан Момышұлына “Халық Қаһарманы” атағы ресми түрде берілді
25 желтоқсан 2025, 15:12
«Әкең жынды болса, байлап бақ»: Мұхамеджан Тазабеков Түркістандағы оқиғаға қатысты пікір білдірді (Видео)
25 желтоқсан 2025, 13:38
Жыл қорытындысы: заң, тәртіп және цифрлық даму
25 желтоқсан 2025, 11:48
"Қауіпсіз шот" жоқ! Бас прокуратура алаяқтардан сақтануға шақырды
24 желтоқсан 2025, 10:54
2025 жыл: мәдениет саласындағы даму мен жаңару кезеңі
22 желтоқсан 2025, 13:50
Қызылорда облысына биыл 750 млрд. теңгеден астам инвестиция тартылды