Түркістан: «Дипломмен ауылға» — жастарға зор мүмкіндік

21 тамыз 2023, 15:55

 

Елімізде 2009 жылдан бері «Дипломмен ауылға» жобасы іске асып келеді. Мемлекеттік бағдарлама бойынша баспаналы болып, ауылдық жерде мамандығы бойынша жұмыс істеп жатқандардың алғашқы легі барғанына он екі  жылдан асты. Қолына дипломын жаңа алған жастар — бүгінде тәжірибелі маман. Бұл бағдарлама еліміздің барлық өңірінде жүзеге асты. Облыс орталығынан алыс аудандар мен  шалғай ауылдар дәрігер, мұғалім, мал дәрігері, мәдениет және әлеуметтік сала мамандары барды.

Биыл да «Дипломмен ауылға» бағдарламасы еліміздің әр өңірінде жүзеге асырылады. Қазіргі таңда бағдарламаға қатысу жолдары жастарға жан-жақты түсіндірілуде. Мәселен, Түркістан облысындағы Отырар ауданы әкімдігі «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша жан-жақты ақпараттық түсіндіру жұмыстарын белсенді жүргізіп жатыр.

Биыл  ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұрақты тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шаралары көрсетіледі. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің 2023 жылдың 28 наурыздағы № 93 бұйрығына сәйкес, 2023 жылғы 1 сәуірден бастап «Дипломмен ауылға» жобасының сенімді агенті болып «Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамы тағайындалды. Жоба тұрғын үй сатып алуға немесе салуға кредит беруді және көтерме жәрдемақы төлеуді көздейді. Енді азаматтардың уақытын үнемдеу және оларға осы мемлекеттік қолдауды алу процесін жеделдету үшін «Дипломмен ауылға» жобасы цифрлық форматқа ауыстырылды. Қазақстандықтардан жаңа өтінімдер «otbasybank.kz» жылжымайтын мүлік порталында онлайн режимде қабылданатын болады. Отырар ауданының экономика және қаржы бөлімінің бас маманы Гүлжан Үркінбаеваның түсіндіруінше, «Дипломмен ауылға» жобасына қатысуға өтінім беру үшін қатысушы «otbasybank.kz» порталында тіркелуі және электрондық-цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) көмегімен өтінімге қол қоюы қажет. Бағдарламаға ауылдық жерлерге енді ғана келген немесе бұрыннан тұрып жатқан және онда бірқатар кәсіптер бойынша жұмыс істейтін кез келген жастағы қазақстандықтар қатыса алады. Бұл: денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт, агроөнеркәсіптік кешен мамандары, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілері (әкімдер мен әкімдердің орынбасарларын қоспағанда).

Аудандық әкімдіктер мен облыстық маңызы бар қалалардың әкімдіктері жыл сайын өз елді мекенінде жоғарыда аталған мамандықтар бойынша талап етілетін қызметкерлердің тізбесін қалыптастыратынын атап өткен маңызды. Дәл осы тізім аясында жеңілдетілген кредиттер беріледі.

Қарыздың ең жоғары сомасы 1500 айлық есептік көрсеткішке (АЕК) дейін, кредит бойынша мөлшерлеме 0,01 пайызға тең (ЖТСМ – жылдық 0,01 пайыздан басталады).

Қарыз маман жұмыс істейтін елді мекенде тұрғын үй сатып алуға немесе салуға беріледі. Кредиттің ең көп мерзімі – 15 жыл. Негізгі талап – жобаға қатысушы ауылдық жерде мамандығы бойынша үш жыл жұмыс істеуі керек»,- дейді.

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында қатысушылар 100 АЕК мөлшерінде көтерме жәрдемақы алуға үміткер бола алады.

Гүлжан Үркінбаеваның айтуынша, «Дипломмен ауылға» бағдарламасы арқылы қаладан шалғай орналасқан елдімекендерге, алыс ауылдарға, кенттерге, аудан орталықтарына жастар ауылды көркейту үшін баруда.

«Бүгінгі таңда мамандарға мұқтаж өңірлер аз емес. Шыны керек, жағдай жасалмаған, көгілдір отын жоқ, кей ауылдарда тіпті ауыз суды сатып алып ішеді, жолы нашар, тағысын тағы кемшіліктері көп ауылдарға қалада білім алған жастардың дені барғысы келмейді. 2009 жылдың 1 шілдесінде Қазақстанда қажетті еңбек ресурстарымен ауылдық аумақтардың кадрлық әлеуетін күшейтуге бағытталған «Дипломмен ауылға» мемлекеттік бағдарламасы іске қосылды. Осы жоба бойынша әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну қағидаларына бірнеше рет өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. «Дипломмен ауылға» жобасының басында әлеуметтік қолдау тек әлеуметтік саланың: денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына көрсетілді. Кейінірек, Қазақстан Үкіметінің шешімі бойынша агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау көрсетіле бастады. Жобаға қатысқысы келетіндер үшін жалғыз критерий – бұл тек дипломның болуы. Жоба мамандарға олардың жасына, білім деңгейіне және мамандығы бойынша жұмыс тәжірибесіне байланысты әлеуметтік қолдау шараларын көрсетудің шектеулерін көздемейді. Бұл бағдарлама – енді ғана оқу бітірген жас мамандардың жұмысқа орналасуы үшін мемлекет тарапынан берілген үлкен мүмкіндік. Сол мүмкіндікті жібермеу болашақ жастардың қолында», — дейді.

Университет қабырғасын тәмәмдай салысымен, көптеген жастардың жұмысқа орналаса алмай жүретіні бәрімізге белгілі. Көптеген жастар өз мамандығымен еңбек жолын бастай алмай жүр. Қарапайым жұмыскер болып, азық-түлік, техника дүкендерінде және басқа да жерлерде жұмыс істеп жатады.

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы жастарды ынталандыру мақсатында мемлекет тарапынан көтерме ақы мен баспана алуға жеңілдетілген несие ұсынады. Денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы маман ауылдық елдімекенге жұмысқа орналасқан жағдайда «Дипломмен ауылға» жобасы аясында тек қана 70 айлық есептік көрсеткішке тең сомада біржолғы көтерме жәрдемақы және қажеттілігіне қарай тұрғын үй салу немесе сатып алу үшін 1500 айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомада 15 жылға дейінгі мерзiмге жылдық 0,01 пайыз мөлшерiндегі сыйақы мөлшерлемесімен бюджеттік несие түрінде әлеуметтік қолдау шараларын алу мүмкіндігі бар. Әлеуметтік қолдау шаралары ұсынылған маман ауылдық елдімекенде кемінде үш жыл жұмыс істеуге міндеттеме алады. Қазіргі таңда Отырар ауданының жастарына аталған бағдарлама жан-жақты түсіндірілуде. Отырар ауданы әкімдігінің қаржы және экономика бөлімінің мамандары жастармен кездесіп, бағдарламаға қызығушылық танытқан аудан жастары мен тұрғындарына «Дипломмен ауылға»  бағдарламасын толыққанды түсіндіруде. Одан бөлек, Отырар аудандық «Жастар ресурстық орталығы» мемлекетіміздің жастарға арналған мемлекеттік бағдарламаларын жан-жақты түсіндіру мақсатында түрлі жүмыстар жүргізуде. Сонымен қатар «2021-2025 жылдары кәсіпкерлікті қолдауға арналған Ұлттық жобасы» шеңберінде жастарға арналған жеңілдетілген шағын 2,5 пайызбен 5 000 000 тг дейінгі несие бойынша кәсіп ашуға ниетті жастар арасында үгіт-насихат жұмыстары жүргізіліп, мамандар тарапынан несие алудың шарттары түсіндірілді.

«Дипломмен ауылға» бағдарламасымен ауылға барып жұмысқа орналасқан жастрадың бірі — Зарап Мұхтар Серікұлы. Ол 1996 жылы Шәуілдір ауылында дүниеге келген. Қазақ ұлттық аграрлық университеті ветеринарлық медицина мамандығы бойынша бітірген. Қазіргі таңда жас маман аудандық ветеринариялық бөлімінде «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша жұмыс істеп жатыр. Мұхтар Серікұлы: «Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында  Отырар ауданының орталығы Шәуілдір ауылында баспаналы болдым. Бүгінде ауылдағы ветеринар маманмын. Мамандығым өзіме ұнайды. Туған өлкемде қалып, өз мамандығыммен жұмыс істеп, туған жеріме титтей де болса да пайдамды тигізгім келеді», — дейді.

Мамандығы бойынша енді ғана қолына диплом алған жастарға бағдарламаның берері мол. Сондай-ақ биыл мектепті аяқтап, жас маман атанғысы келетіндерге педагогика мен денсаулық саласына, техникалық мамандықтарға  мемлекеттік гранттар бөлінді. Ол дегеніміз, алдағы уақытта мамандығы бойынша «Дипломмен ауылға» бағдарламасына қатысатындардың қатары да көбейеді деген сөз.  Жастарымыз оларды дамытуға арналған бағдарламаның игілігін көреді деген ойдамыз.

Азамат Досанов,

Түркістан облысы, Отырар ауданы

«Жастар ресурстық орталығы» КММ  басшысы

 

 

07 тамыз, 14:33
Түркістан: Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жолын кесу және пробация
07 тамыз, 14:01
Түркістан: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыруға арналған шаралар
05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз