jasqazaq.kz

Түркістан: Белсенді блогер полициямен бірге түсіндірме жұмысын жүргізді

27 мамыр 2024, 11:03

Түркістан облысында жасөспірімдердің қауіпсіздігіне бағытталған іс-шаралар өтуде. Әсіресе оқу жылы аяқталып, балалардың жазғы каникул кезіндегі қауіпсіздіге баса назар аударылуда. Түркістан облысы полиция департаментінің мәлімдеуінше, Түркістан облысы Арыс қаласының белсенді блогері полициямен бірге түсіндірме жұмыстарын жүргізуге қатысты.
Арыс қаласының белсенді блогері, жеке кәсіпкер Азамат Байбосынов Арыс аудандық полиция бөлімі қызметкерлерінің жұмысымен танысып, бір күн бойы бірлесіп тәртіп сақшыларымен бірге қызмет атқарды.
Шараның мақсаты- кәмелетке толмаған жасөспірімдердің қауіпсіздігі, оның ішінде электроциклдер мен мопедтерді басқару жайттарының алдын алу. Сонымен қатар жасөспірімдердің түнгі уақытта ата-ананың қарауынсыз жүруі де жіті қадағаланады. Осыған байланысты қоғам белсендісі тәртіп сақшыларымен бірге Арыс қаласы тұрғындарына түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Жаңа заңға сәйкес 18-ге толған электроцикл немесе мопед басқарушыда арнайы жарық шағылыстыратын белгісі мен шлем, жүргізуші куәлігі болуы шарт. Іс-шара кезінде түнгі уақытта жарықты шағылыстыратын заттарсыз жүруге, жолдың жиегіне шлемсіз шығуға болмайтыны түсіндірілді. Жаяу жүргіншілер өткелімен мопед, электр самокат пен велосипедтен түспей жүруге тыйым салынатыны ескертілді.
Жалпы электрлі самокатпен 25 км/сағат жылдамдықпен жолдың оң жақ шетінде, оның ішінде маршруттық көліктерге арналған жолақ бойымен бір қатарда жүре алады. Ал тротуар мен жол жиегінде, жаяу жүргіншілер жолында 6 км/сағаттан аспайтын жылдамдықты сақтау қарастырылған.
Аталған жол ережесін бұзатындар әкiмшiлiк жауапкершiлiкке тартылатын болады.
Өз кезегінде блогер Азамат Байбосынов: «Құқық қорғау қызметкерлері түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатқан жағдайда, полиция қызметкерлеріне ренжудің орнына балаларымыздың амандығын ойлайық! Олардың қауіпсіздігі бірінші орында. Бірлесіп қызмет атқарайық!»- деп атап өтіп, полиция қызметкерлерінің жұмысына сәттілік тіледі.

JQ-Aqparat

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

15 наурыз, 14:02
Шавкат Рахмонов Қонаев қаласында дауыс берді
15 наурыз, 13:36
Қызылорда: Қазақтың үш ханы дауыс беруге келді
13 наурыз, 17:27
Елімізде теміржол инфрақұрылымы жаңғыртылып жатыр
13 наурыз, 16:07
Тіршілік нәрі судың нарқы қашанда қымбат
12 наурыз, 15:28
Қызылордада тұрғын үй құрылысы қарқын алып келеді
11 наурыз, 12:19
«Таза Қазақстан» акциясы биыл өз жалғасын таппақ
10 наурыз, 15:21
Елімізде 163 жаңартылатын энергия нысаны жұмыс істейді - вице-министр
05 наурыз, 16:08
Батыс Қазақстанда су тасқынына қарсы дайындық шаралары күшейтілді
18 ақпан, 13:05
Жаңа Конституция: Ресурстық экономикадан – Интеллектуалдық модельге