jasqazaq.kz

Түркістан: Бақытбек Смағұл жас полицейлерді Отанға адал болуға шақырды

10 маусым 2024, 13:45

Қоғам тыныштығын қамтамасыз ету мақсатында күндіз-түні қызмет ететін құқық қорғау органдары қызметкерлерінің көтеретін жүгі ауыр. Тәртіп бұзу, ұсақ ұрлық сияқты күн сайын болып жататын келеңсіз оқиғалар өз алдына, кейде жан түршігерлік қылмысты көзбен көруге тура келеді. Сондықтан полиция қызметкерлеріне спихологиялық көмек көрсету мәселесіне ерекше мән берілуі тиіс.

Түркістан өңірінде психологиялық тұрақтылықты қамтамасыз ету бойынша полицейлерге сабақ өткізіліп тұрады.

Мәселе, жуырда Түркістан облысы Полиция департаментінің психолог мамандары мен облыстық дін істері басқармасының өкілдері Ордабасы ауданына іс-сапармен барды. Сала мамандары полиция бөлімінің жеке құрамына арнайы сабақ өтіп, әлеуметтік-психологиялық сауалнама алды.

Психолог мамандары отбасындағы дау-жанжалдар мен зорлық-зомбылықтан пайда болған стрестің алдын алу аспектілері туралы мәлімдеді.

Сонымен қатар полицейлердің отбасындағы қарым-қатынасқа қатысты ой-пікірлерін тыңдап, психологиялық тұрғыдан шешу жолдарын ұжым болып шешуді қарастырды.

Оған қоса, облыстық «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ теолог маманы шетелдік діни уағызшылардың қауіптілігі туралы және деструктивті діни ағымның таралуының алдын алу мен сақтану жолдарын түсіндірді.

Сонымен бірге кеше ғана оқу бітіріп, тәртіп сақшыларының қатарын толықтыруға келген жас полицейлерді тәрбиелеу ісі де күн тәртібінен тұспек емес. Осы орайда жас полицейлерді патриотизм мен адалдыққа тәрбиелеу мақсатында ардагерлермен кездесулер жиі ұйымдастырылады.

Сондай кездесудің бірі Түркістан облысы Полиция департаментінің мәжіліс залында «Ұлттық рух – ұлт азығы» тақырыбында өтіп, оған аға буын ардагерлер қатысты.

Іс-шараға Қазақстан Ардагерлері қауымдастығының төрағасы Бақытбек Смағұл және республикамыздың барлық өңірлерінің Ауған соғысы ардагерлері мен мүгедектер одағының төрағалары келді.

Кездесудің көздеген мақсаты — полиция қызметкерлерін қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеу, заңдылық пен моральдық-психологиялық тұрақтылыққа тәрбиелеу.

Жиын барысында қазақтың батыр ұлы Бақытбек Смағұл бастаған өмір тәжірибесі мол ардагерлер сөз сөйлеп, жас мамандарды Отанға берген антына адал болуға шақырды. Ел қорғау бағытындағы қызметтерін қолдайтындықтарын жеткізіп, жас буынға сәттілік тіледі.

Сонымен қатар Полиция департаменті бастығының міндетін атқарушы Бағланбек Айтпаевқа, Түркістан облысы ІІО мен ҰҰ ардагерлер кеңесінің төрағасы Оспанғазы Жанқожаевқа «Батыр шапағаты» төсбелгісі табыс етілді. Қызметтегі міндеттерін адал атқарып, жоғары көрсеткіштерге қол жеткізген полицейлерге мақтау грамотасы тапсырылды.

JQ-Aqparat

Суреттер: Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Бүгін, 15:39
Түрксіб ауданы Алматының «жасыл-желегі жайқалған қала» мәртебесін нығайтып жатыр: 772 мыңнан астам ағаш егіліп, көшелер көгалданды
Бүгін, 15:30
Алматының Түрксіб ауданы осы маусымдағы ең ауқымды абаттандыру жұмысын аяқтап, тұрғындар таңдаған 32 жобаны жүзеге асырды
14 қараша, 18:02
Жасыл желек пен жарық — Алматыда Торайғыров көшесінде ауқымды жаңарту жұмыстары аяқталды
14 қараша, 17:40
Алматыда мектептің сыйымдылығы 300 оқушыға дейін ұлғайтылады
14 қараша, 17:37
"Таза Қазақстан": Алматыда «Қағаз boom» экологиялық акциясы өтті
12 қараша, 13:39
Алматының Бостандық ауданында жаңа емхананың құрылысы аяқталуға жақын
11 қараша, 11:04
Дархан Сатыбалды: Сәулеттік жарықтандыру қаланы заманауи әрі қауіпсіз етеді
10 қараша, 10:44
Дархан Сатыбалды Алматыдағы жаңа скверді аралады
31 қазан, 19:45
APEC ашық әрі әділ сауда-саттықты қолдауға шақырды