Түркістан: Бәйдібектегі Жастар күні һәм жаңа кітапхана

17 тамыз 2023, 15:12

 

 

Бүкіл әлем жастардың алып күш  екендігін мойындайды. Содан да болар, арнайы жастар мерекесі күнтізбеде белгіленген. 12 тамыз — Халықаралық жастар күні  біздің елімізде де ұмыт қалмай, тиісті дәрежеде атап өтіледі. Түркістан өңірінде де жастар күніне арналған іс-шаралар ұйымдастырылады.

Жастардың «Жайдарманы»

 Сондай шараның бірі Бәйдібек ауданының орталығы Шаян ауылындағы «Тәуелсіздік» алаңында болып өтті.  Бәйдібек ауданы әкімінің баспасөз қызметі жазғандай, Халықаралық жастар күніне арналған іс-шараға аудан әкімінің орынбасары Берік Тұрлыбеков пен аудандық мәслихат төрағасы Асқар Кенехан қатысып, аудан жастарын мерекесімен құттықтады. Әр түрлі салада жетістікке жеткен, қоғамдық жұмыстарға белсене араласып  жүрген жастарды «Алғыс хаттарымен» марапаттады.

 

Осы Жастар күніне арналған шарада аудан әкімінің кубогіне «Жайдарман» ойыны ұйымдастырылды. Түркістан облысының қала, аудандарынан «Абырой», «Рудный», «Мадмуазель», «Карамель»,  «Капитан», «Джеки», «Шаңырақ», «Байдың қыздары» және «Бәйдібек ауданының» командалары қатысты. Айрықша тартысты өткен сайыста үздік жетіліктің ішінен жүйрік танылғандарға арнайы дипломдар мен қаржылай сыйлықтар тапсырылды.  КВН ойынына «Миллион» командасының ойыншылары, «Жездуха» сериалының актерлері — Қанат Тасқан, Мақсат Бөбей қазылық етіп, жайдарманшы, әзілкеш, актер Жақсыген Нұрсұлтан жүргізді.

Сонымен бірге Халықаралық жастар күні құрметіне орайластырып, «Тәуелсіздік» алаңында «OPEN AIR-2023» гала-концерт өтті. Концертке аудандағы Мәдениет үйінің өнерпаздарымен бірге елімізге танымал эстрада жұлдыздары да өз үлестерін қосты. Жастардың сүйіп тыңдайтын әншілері Еркеш Хасен, Данияр Барыс, Нұрдаулет Карлов секілді елге танылған жұлдыздар да әсем әндерімен аудан жастары мен қонақтарға мерекелік көңіл күй сыйлады.

Айта кетейік, осы шарада «Елге қызмет — Ерге міндет» аудандық ерікті жастардың ұйымдастыруымен Бәйдібек ауданы, Шақпақ елді мекеніндегі жалғыз басты анаға баспана кілті табыс етілді.

 

Дархан Сатыбалды: Жас ұрпақ кітап оқуды жақсы әдетке айналдыруы керек

 

Кітап – жан азығы. Кітап оқыған адамның өресі биік, тоқығаны көп болады. Айфон мен смартфонға үңілген қазіргі заманда жастарды кітап оқуға тарту – абыройлы міндет. Бұл игі істе жергілікті кітапханалар маңызды роль атқарады.

Жуырда Бәйдібек ауданы, Шаян ауылында 100 мың кітап қорына арналған аудандық орталық кітапхананың ашылуы өзгелерге үлгі болуы тиіс.

Бәйдібек ауданы әкімінің баспасөз қызметі жазғандай, екі қабатты, зәулім ғимаратта оқырманға барлық жағдай жасалған. Кітапханаға келушілер бос уақытын тиімді өткізіп, білімін жетілдіре алады. Әсіресе, жастардың бос уақытында кітап оқумен қатар, пікірталастар, тұлғалармен кездесу өткізіп тұруға болады.

Мәдениет ошағының ашылуына арнайы келген Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды жаңа кітапханаға сиясы кеппеген бірнеше туынды тарту етті.

Ашылу салтанатында сөз сөйлеген Дархан Сатыбалды: «Кітап – рухани азық болатын адамның бірден-бір серігі екені айтпаса да белгілі. Қашанда ой-өрісіңді, сана-сезіміңді дамыту үшін кітаптың рөлі адам өмірінде ерекше. Өкінішке орай, қазіргі кезде кітапқа деген қызығушылық азайып келеді. Кітап орын шет тілінлегі басылымдармен де толықтыру керек. Ауылдағы жағдай қаладан кем болмауы керек. Жас ұрпақты, балаларымызды кітап оқуды жақсы әдетке айналдырудағы еңбектеріңізге сәттілік тілеймін», — деді.

Аудандық кітапхананың белсенді оқырмандары ауыл игілігіне айналған жаңа үлгідегі кітапхана жұмысына табыс тілеп, жаңа ақпараттық технологиямен жабдықталған кітапхана оқырмандарының көбейе беруіне тілектестігін білдірді.

Айдос Құсайынұлы

Суреттер: Бәйдібек әкімінің баспасөз қызметі 

 

 

07 тамыз, 14:33
Түркістан: Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жолын кесу және пробация
07 тамыз, 14:01
Түркістан: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыруға арналған шаралар
05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз