Түркістан: Аудан әкімі жастардың тың идеяларына қолдау көрсетеді

18 тамыз 2023, 15:27
Жастардың бастамасына қолдау көрсету, оларға арналған мемлекеттік бағдарламаларды түсіндіру — жастар саясатының ажырамас бөлігі. Осы орайда өмірден көрген-түйгені көп үлкендермен кездесу өткізудің мәні зор. Түркістан өңірінде мұндай басқосулар жиі болып тұрады. Айта кеткен жөн, облыс әкімінен бастап аудан басшыларына дейін жастармен кездесіп, оларды толғандыратын мәселелерді сұрап-біледі.
Мысал ретінде жуырда Созақ ауданының әкімі Мұхит Тұрысбековтың жастармен еркін форматта өткізген кездесуін айтуға болады.
Жастар ғимараты алдындағы ашық аспан астында өткен жиынға аудан аумағындағы ауыл, кент округтерден білім, мәдениет саласының жастары, жас кәсіпкерлер, ерікті жастар мен мүгедектігі бар жастар қатысты.
Еркін форматтағы кездесу барысында аудан басшысы Мұхит Сексенбайұлы былай деді: «Сіздердің кез-келген ұсыныс-пікірлеріңізді тыңдап, еркін пікір алмасу біраздан бері жоспарымда болды. Жастар қоғамның қозғаушы күші болғандықтан, осы кездесуде тың идеяларыңызды тыңдап, әрдайым қолдау көрсетуге әзірмін. Кез-келген сауалдарыңызды қойып, еркін пікір алмасуға шақырамын. Бұған дейінгі кездесуде көтерілген жастарға қажетті үйірмелер мен мектеп оқушылары бос уақытын тиімді өткізетін «Оқушылар сарайын» ашу жөніндегі ұсыныстарыңыз аяқсыз қалмады. Сұлтанбек Қожанов атындағы ескі музей ғимаратын күрделі жөндеуден өткіздік. Жақын уақытта балалар шығармашылық үйіне арналып, пайдалануға беріледі», — деді.
Аудан басшысы өз сөзінде жастар арасындағы жұмыссыздық, аудан көлемінде жастарды спортқа баулитын спорт нысандары мен мәдениет үйін салу, әлеуметтік педагогтар мен психологтардың жұмысын жандандыру, ауылдың санитарлық тазалығын күшейту мақсатында атқарылып жатқан жұмыстарға кеңінен тоқталып өтті.
Екі сағатқа созылғае кездесуде жастар ұтымды ұсыныстары мен сан түрлі бағытта сауалдарын жолдап, нақты жауаптар алды.
Шолаққорған ауылының тумасы Ізбасар есімді азамат өзінің жеке кәсібін ашу мақсатында қайтарымсыз грант алғанын және ендігі кезекте компьютерлік қызмет көрсету орталығын ашу үшін арнайы орын қарастырып беруін өтінді.
Аудан басшысы бұл жөнінде Жастар орталығы ғимаратынан орын дайындап беру үшін орталық басшысына тапсырмалар жүктеді. Сондай-ақ еркін форматта жастармен жиі жүздесуге дайын екендігін тілге тиек етті.
Жиын барысында көтерілген әрбір мәселені назарға алып, тиісті жұмыстар атқарылатынын айтып өтті.
Айдос Құсайынұлы
Суреттер: Созақ ауданы әкімінің баспасөз қызметі
07 тамыз, 14:33
Түркістан: Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жолын кесу және пробация
07 тамыз, 14:01
Түркістан: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыруға арналған шаралар
05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз