Түркістан: Арыста азық-түлік дүкенінде әлеуметтік бұрыш ашылды

06 қазан 2023, 15:54


Арыс қаласының орталығында орналасқан «Ақниет» дүкенінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлікті нарықтағыдан төмен бағада саудалайтын әлеуметтік бұрыш ашылды. Қазіргі таңда, тағы бірнеше дүкенде осындай әлеуметтік бұрыш ашу жоспарлануда. — деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Азық-түлік бағасын тұрақтандыруда маңызы зор жоба туралы қала әкімдігі мамандары аталған дүкен иесіне ұсыныс айтқан. Нәтижесінде, кәсіпкер мен «TURKISTAN» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы арасында келісімшарт жасалынып, мұнда бірнеше азық-түлік өнімдері нарықтағы бағадан 15-20 пайыз төмен бағада сатылуда.
Мәселен, елу килолық 1 сортты ұнның қабы — 10000 теңге, макарон өнімдері — 300 теңге, картоп — 110 теңге, шекер 380 теңгеден сатылуда. Кәсіпкер жоғарыда аталған корпорация арқылы алдағы уақытта басқа да әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерін алып келуді көздеп отыр. Аталған дүкен, Арыс қаласындағы Байжанов көшесінде орналасқан.

JQ-Aqparat

05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді