Түркістан: Арыс ауданында «Жасөспірім және жауапкершілік» іс- шарасы өтуде

22 мамыр, 15:44

Түркістан облысында қоғамдық тәртіпті, жол жүру ережесі мен жасөспірімдердің қауіпсіздігіне бағытталған профилактикалық іс-шаралар өтуде. Түркістан облысы полиция департаментінің мәліметінше, Түркістан облыстық полиция департаменті бастығы, полиция генерал майоры Қабденов Мұрат Талапұлының нұсқауына сәйкес, Арыс аудандық полиция бөлімінің ұйымдастыруымен аудан көлемінде ағымдағы жылдың 15-22 мамыр күндері аралығында «Жасөспірім және жауапкершілік» жедел профилактикалық іс-шарасы өтуде.

Жасөспірімдер арасындағы қылмыс пен құқықбұзушылықтардың алдын алу және болдырмау, түнгі уақыттарда ата-ананың бақылауынсыз үй-жайынан тыс жерлерде компьютерлік ойынханалар мен мейрамханаларда болуларына тыйым салу, бала тәрбиесіне немқұрайлы қарайтын ата-аналарды анықтап, тиісті шаралар көру мақсатындағы кезекті рейдтік шарасы барысында жеке кәсіпкерлерге түнгі 22:00-ден кейін кәмелетке толмаған жасөспірімдерді заңды өкілдерінсіз кіргізбеу керектігі ескертілді. Сонымен қатар, кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдерге темекі бұйымдары мен спиртті ішімдіктерді сатуға тыйым салынғандығын қатаң назарға алып, түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.

Сондай-ақ, кәмелетке толмағандардың түнгі мезгілде ойын-сауық мекемелерінде болуы 442 баптың 1 бөлігінде қаралып, ата-анасына 3 АЕК көлемінде айыппұл салынады. Ал, ойынхана иесіне кәмелетке толмағандарды кіргізгені үшін 132 бап 1 бөлігімен 10 АЕК-тен 120 АЕК-ге дейін айыппұл қарастырылған.

Тәртіп сақшылары ата-аналарға кәмелет жасына жетпеген балаларын қараусыз қалдырмауды, бала тәрбиесімен тұрақты айналысу қажет екендігін ескертеді.

Жасөспірім арасындағы болатын құқықбұзушылықтар мен кәмелеттік жасқа толмағандарға қатысты қылмыстың алдын алуға және болдырмауға, олардың қоғамдық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған шара аудан көлемінде жалғасады.
Сонымен қатар Арыс ауданында « Абайлаңыз, балалар!» профилактикалық іс-шарасы жүргізілуде. 20-30 мамыр аралығында кәмелетке толмаған жасөспірімдердің қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу, оқушылардың көшелер мен жолдардағы қауіпсіз жүріс-тұрысына байланысты дағдыларын нығайту мақсатында «Абайлаңыз, балалар!» жедел профилактикалық іс-шарасы Арыс аудандық полиция бөлімінің ұйымдастыруымен ауданға қарасты жалпы білім беру мекемелерінде жүргізілуде.

Мектеп жасындағы жасөспірімдердің жол-көлік оқиғаларының алдын алып, оқушыларға жол жүру ережелерін таныстырып қана қоймай, оларды жол жүру қауіпсіздігін сақтауға дағдыландыру, сондай-ақ балалардың жарақат алуы мәселелерін жүргізушілердің,ата-аналар мен мұғалімдердің назарына ұсыну.

Оқу жылының аяқталуына орай жол қауіпсіздігін сақтау мақсатында жүргізілген «Абайлаңыз, балалар!» жедел профилактикалық іс-шарасында жол кедергілері мен жолақтар жаңартылды.

Арыс аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері аудан көлемінде «Құқықтық тәртіп» профилактикалық іс-шарасын өткізуде. Арыс ауданы көлемінде көшелер мен қоғамдық орындарда құқықбұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу мақсатында «Құқықтық тәртіп» жедел профилактикалық іс-шарасына аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жұмылдырылды. Іс-шараның негізгі мақсаты – жедел жағдайды тұрақтандыру, заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдау. Заңнамаға сәйкес ішкі істер органдары жедел-алдын алу іс-шарасы шеңберінде құқық белгілейтін құжаттарды тексеру және көлік құралдарын, сондай-ақ, жеке тұлғалардың жеке басын куәландыратын құжаттарды тексеру, оларды және заттарын жеке тексеру, атыс, травматикалық, суық қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды тәркілеу, белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдарды, заңсыз мигранттарды анықтауды жүзеге асырады.

Тәртіп сақшылары қоғам тыныштығы мен құқықтық тәртіпті сақтау барысында жүргізіліп жатқан жұмыстарға аудан халқы түсіністік танытып, заңға қарама-қайшы іс-әрекеттерге жол бермеуін сұраймыз.

Әлима Әлмерек

Суреттер Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

26 қараша, 14:17
Ғажайып крем қалтаны қақты
25 қараша, 14:24
Арнайы алимент қоры қашқын әкенің жүгін жеңілдетеді
24 қараша, 21:50
Алматыда XVII Халықаралық «Еуразия» кинофестивалі басталды
19 қараша, 15:33
Дәлел Уәшев: Қазақтың дәстүрлі өнері мен мәдениетін жетік біліп,  құрметпен қарауға міндеттіміз
12 қараша, 11:05
Red+ арқылы сатып алсаңыз 15% бонус
25 қазан, 11:56
Астық пен тасымал көбейсін!
23 қазан, 14:22
Президент: Бейбітшілік пен тыныштық - біздің ең құнды байлығымыз
18 қазан, 11:59
Алаяқтық жолмен несие рәсімдеуге банктердің қатысы бар ма?
16 қазан, 14:48
Қызылордада інісінің куәлігімен ағасын соттап жіберген