Елімізде заңдылық пен әділеттілікті, құқық бұзушылыққа «нөлдік төзімділік» саясатын жүргізу мақсатында «Заң және тәртіп» консолидациялық жобасы жүзеге асып жатыр. Осыған орай Түркістан облысы Арыс аудандық полиция бөлімінде бірқатар профилактикалық іс-шаралар өтуде, деп хабарлайды Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
«Борышкер» жедел іс-шарасы өтуде
Арыс аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері бұрын анықталған әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша аудандық соттың және полиция бөлімінің қаулыларымен салынған әкімшілік айыппұлдарды өндіру жұмысы деңгейін жақсарту мақсатында 27-30 тамыз аралығында «Борышкер» жедел профилактикалық іс-шарасын өткізуде.
Белгіленген іс-шараларды жүзеге асыру бойынша Арыс аудандық полиция бөлімінде арнайы штаб құрылып, нақты атқарылатын жұмыстың жоспары әзірленіп, бұл тұрғыда қойылған тапсырмаларды барынша орындауға полиция бөлімінің жеке құрамы қызметкерлері жұмылдырылды.
Салынған айыппұлдарды уақытында төлемеген тұлғаларды анықтап, тізімі жасақталып, Арыс ауданы жеке сот орындаушылардың өңірлік палатасымен бірге учаскелік полиция инспекторлары әкімшілік аймақтар бойынша борышкерлердің мекен-жайларына бару, ескерту, мәжбүрлі өндіру жұмыстарын ұйымдастырды.
Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 811 бабы 1-2 бөліктеріне сәйкес, анықталған құқық бұзушылық жасалған күннен бастап 7 (жеті) тәулік ішінде төленсе, өзіне салынған айыппұл мөлшерінің елу пайызы мөлшеріндегі айыппұлды төлейтіндігі көзделген.
Тәртіп сақшылары көлік жүргізушілеріне ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Айыппұл келген жағдайда дер кезінде өтеу керек екені ескертілді.
65 адам пробациялық есепте тұр
Арыс ауданының полиция бөлімі мен пробация қызметінің қызметкерлері бірлесе отырып бас бостандығынан шектеу жазасына сотталған тұлғалардың тұрғылықты мекенжайы бойынша тексеріс жүргізді.
Аталған тексерудің мақсаты ҚР-ның Қылмыстық атқару кодексінде көрсетілген нормаларды және сотпен белгіленген жазаны өтеудің шарттары мен тәртібін есепте тұрғандармен сақтау болып табылады.
Арыс ауданында жалпы 65 тұлға пробациялық есепте тұрады, учаскелік полиция инспекторлары және пробация бөлімінің қызметкерлерімен 38 тұлға тұрғылықты жері бойынша тексерілді.
Есепте тұрғандардың жазаны өтеудің шарттары мен тәртібін сақтауға, және олардың түнгі мезгілде қайталама қылмыс жасауға жол бермеу мәселесі уәкілетті органдардың басты назарында.
«Жолда қабылдау» акциясы басталды
Әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша салынған айыппұлды төлеу тәртібі, көлік құралдарын тіркеу, есептен шығару, жаңадан мемлекеттік нөмір алу, жүргізушілік куәліктерін алу, көлік құралдарын қайта жабдықтау, қаруды алу мен сақтауға рұқсат алу, жол қозғалысы ережелерін бұзу фактісі бойынша сауалдардың жиі қойылатыны ескеріліп, үстіміздегі жылдың 20-30 тамыз аралығында «Жолда қабылдау» акциясы өткізіледі.
Арыс АПБ-ның басшылығы мен қызметкерлері полиция бөлімі азаматтарды қабылдау бөлмесінде аудан халқын мазалаған сұрақтары бойынша қабылдайды. Жергілікті полиция қызметі мамандары тұрғындарды қабылдап, арыз-шағымдары мен өтініш-тілектерін тыңдап, құқықтық кеңес берді.
“Түнгі қаладағы балалар” жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде
Жақын күндері жаңа оқу жылы басталады. Жасөспірімдердің қауіпсіздігін сақтау мақсатында Арыс қаласында түнгі рейд ұйымдастырылады. Осыған орай Арыс аудандық полиция бөлімінің тәртіп сақшылары 23-30 тамыз аралығында “Түнгі қаладағы балалар” жедел профилактикалық іс-шарасын өткізуде.
Іс-шараның негізгі мақсаты — кәмелетке толмағандарға алкогольдік ішімдіктерді, темекі өнімдерін сату фактілерін анықтау, түнгі уақытта тұрғын жайдан тыс жерлерде заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз жүретін кәмелеттік жасқа толмағандарды анықтау, олардың құқықтық сауаттылығын арттыру, сонымен қатар, кәмелетке толмағандарды құқық бұзушылық немесе қылмыс жасауға тартатын ересек адамдарды анықтау және кәмелетке толмағандардың тарапынан құқық бұзушылықтардың алдын алу ескерту болып табылады.
Іс-шара кезінде жоғарыда аталған құқық бұзушылықтарды анықтау мақсатында күндізгі және түнгі рейдтер ұйымдастырылып, Арыс аудандық полиция бөлімінде профилактикалық есепте тұрған кәмелеттік жасқа толмағандар және “Қолайсыз отбасылар” білім беру ұйымдарының өкілдерімен бірлесіп тұрғылықты мекен-жайларынан тексерілетін болады.
JQ-Aqparat
Сурет: Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі