Түркістан: Арыс ауданында профилактикалық іс-шаралар өтуде

18 маусым, 14:55

Түркістан облысының Арыс ауданында құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған іс-шаралар өтуде. Бұл туралы Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Маусым айының 17-21 күндері аралығында облыс көлемінде «Борышкер» жедел профилактикалық іс-шарасы өтуде. Іс- шара мақсаты әкімшілік құқық бұзушылық бойынша салынған айыппұлдарды өндіру жұмыстарын жандандыру. Осы іс шара барысында Арыс аудандық полиция бөлімі қызметкерлері мен Жергілікті Сот орындаушылар бірлесіп рейдтік шаралар ұйымдастырды. Сот орындаушылар айыппұлдарын ерікті түрде төлеуден жалтарып жүрген борышкердерді арнайы қаулымен таныстырып, айыппұлын мәжбүрлі түрде өндіру мәселелерін қарастырды.

Тәртіп сақшылары аудан тұрғындарына, өздеріне салынған айыппұлды уақытында, яғни Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес 7 тәулік ішінде 50 % жеңілдікпен төлеуге мүмкіндігі бар екенін, төлемеген жағдайда айыппұл 100 %-ға (2 есеге) көбейтілетінін ескертеді. Сонымен қатар айыппұл салынған күннен бастап 40 күн ішінде ерікті түрде төлемеген жағдайда, мәжбүрлі түрде өндіру мақсатында Сот орындаушыға жолданатынын, ары қарай борышкерлерге заңды түрде шектеулер қойылатындығы туралы мәлім етті. Сонымен қатар Арыс ауданының аумағында автомобиль жолдарында жолаушылар мен жүктерді тасымалдауды жүзеге асыратын жүргізушілер арасында көліктік тәртіпті арттыру, сондай-ақ желіде қызметін тіркеусіз жүзеге асыратын азаматтарға қатысты бақылауды күшейту мақсатында ағымдағы жылдың маусым айының 10-20 күндері аралығында «Автобус» республикалық жедел — профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Іс-шара аясында Арыс ауданының Полиция бөлімінің қызметкерлерімен алдын ала және кезең-кезеңімен, жолаушылар тасымалымен айналысатын көлік құралдарының техникалық жәй-күйі, оның ішінде рейс алдында жүргізушіні медициналық қарау, олардың еңбек және демалыс режимін сақталуы тексерілетін болады. Бүгінде Арыстық полицейлер судағы қауіпсіздік бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізуде. Күн жылынып, шомылу маусымы басталысымен өзендер мен су қоймаларында шомылғысы келетіндердің саны артады. Осы кездері қауіпсіздік ережелерін сақтау туралы ескертулерге қарамастан, судағы жазатайым оқиғалар, соның ішінде қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтамау және тыйым салынған жерлерде шомылу жайттары жиі кездеседі.

Осыған байланысты Арыс аудандық полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторлары Арыс өзенінің жағасында, сондай-ақ шомылу үшін белгіленбеген жерлерде рейдтік іс-шаралар жүргізуде.

Сонымен қатар халық арасында суда қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелерін ақпараттандыру және түсіндіру, балаларды қарау және шомылу ережелерін қатаң сақтау бойынша жаднамалар таратылды. Полицейлер атап өткендей, мұндай іс-шаралар жаз маусымында суға бату мен адам өлімінің алдын алу мақсатында өткізіле бермек.

Әлима Әлмерек

Суреттер: Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

26 қараша, 14:17
Ғажайып крем қалтаны қақты
25 қараша, 14:24
Арнайы алимент қоры қашқын әкенің жүгін жеңілдетеді
24 қараша, 21:50
Алматыда XVII Халықаралық «Еуразия» кинофестивалі басталды
19 қараша, 15:33
Дәлел Уәшев: Қазақтың дәстүрлі өнері мен мәдениетін жетік біліп,  құрметпен қарауға міндеттіміз
12 қараша, 11:05
Red+ арқылы сатып алсаңыз 15% бонус
25 қазан, 11:56
Астық пен тасымал көбейсін!
23 қазан, 14:22
Президент: Бейбітшілік пен тыныштық - біздің ең құнды байлығымыз
18 қазан, 11:59
Алаяқтық жолмен несие рәсімдеуге банктердің қатысы бар ма?
16 қазан, 14:48
Қызылордада інісінің куәлігімен ағасын соттап жіберген