jasqazaq.kz

Түркістан: Арыс ауданында буллингке қарсы түсіндіру жұмыстары жүргізілді

29 мамыр 2024, 13:30

Түркістан облысында зорлық-зомбылық, буллинг, кибербуллинг тақырыбында түсіндірме жұмыстары жүргізілуде. Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлдімдегендей, алғашқы болып түсіндіру жұмысын Түркістан облысы Арыс ауданының полиция бөлімі бастады.

Арыс АПБ ЖПҚ ӘЗЗҚТ инспекторы полиция майоры А.Мырзахметова, Арыс сүйемелдеу секторының психологы К.Даниярқызы және ДТІЖО Қ.Тоқбергеннің қатысуымен Арыс гуманитарлық техникалық колледжінде және 17 кәсіптік колледж студенттеріне «Буллинг. Кибербуллинг» тақырыбында ақпараттық түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Аталған шараның басты мақсаты — студенттерге зорлық – зомбылық туралы мағлұматтар беру, адамның жаны мен тәніне үлкен зардап әкелетін соққы екенін түсіндіру және зорлыққа қарсы біздің елімізде заң бар екенін, балалардың құқықтарының бұзылуына жол бермеу керектігін айтып түсіндіру. Сондай -ақ жасөсіпірімдерге әлеуметтік желідегі буллинг пен кибербуллингтен сақтану жолдары да түсіндірілді.

Шарада мамандар студенттерге толеранттылық туралы мағлұмат бере отырып, өздері жүрген орталарында мейірімді болуға, бұзақылық істерге бармауға, адами бойларындағы қасиеттерін сақтауға, әдепті де, тәртіпті де тұлға болып өсуіне ықпал жасау. Жасөспірімдер арасындағы зорлық – зомбылықты, буллинг, кибербуллинг сынды әрекеттердің жолын кесу, алдын алу туралы терең насихат жүргізілді.

Кездесу барысында «Зорлық – зомбылық», «Буллинг», «Кибербуллинг» туралы слайдтар көрсетіліп, студенттер тақырып аясында ойларымен бөлісіп, көкейіндегі сұрақтарын қойып, ашық пікір алмасты.

Сонымен қатар Арыс ауданы полиция бөлімінің мәжіліс залында бекітілген кестеге сәйкес, Түркістан облысы Полиция департаменті Анықтау басқармасы бастығының орынбасары полиция майоры Дошманов Бекжан Ерубайұлы және Тергеу басқармасы бастығының орынбасары полиция подполковнигі Сейділдаев Мұхтар Жолбарысұлының арнайы қатысуымен Арыс ауданы полиция бөлімінің жеке құрамына «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне, яғни әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Тәртіп сақшылары жаңа заңды жан-жақты талқыға салып, халыққа түсіндіру керектігін де сөз етті.

Шара соңына жеке құрам қызметкерлері өздерінің сұрақтарын қойып, жауаптар алды.

JQ-Aqparat

Cуреттер: Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Бүгін, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы