jasqazaq.kz

Түркістан: Әлеуметтік нысандар көбейіп келеді

31 мамыр, 15:35

Түркістан өңірін әлеуметтік жағынан дамуы мәдени және спорт нысандарының көбеюі, сондай-ақ тұрғындардың демалуына арналған аймақтардың ашылуынан байқалады. Бұл бағытта облыста қарқынды жұмыс жүргізіліп жатыр.

Мәселен, Сарыағаш ауданында бірқатар әлеуметтік нысандардың құрылысы қолға алынған. Былтырғы жылы өткен «Үлгілі ауыл» облыстық байқауының нәтижесі бойынша жүлделі орынға ие болған ауылға бюджет есебінен бір әлеуметтік нысан салуға арнайы қаржы бөлінген. Байқау нәтижесі бойынша Тегісшіл ауылдық округі жүлделі ІІ орынға ие болып, бүгінде Мәдениет елді мекенінде 75 орындық мәдениет үйі мен кітапхананың құрылысы басталды.

Жуырда аудан әкімі Арман Абдуллаев Тегісшіл ауылдық округіне барып, бірқатар құрылысы жүріп жатқан әлеуметтік нысандарды аралады. Ең алдымен Мәдениет елді мекенінде бой көтеріп жатқан мәдениет үйі мен кітапхананың құрылысымен танысып, мердігер мекемеге жұмысты сапалы әрі мерзімінде аяқтауды тапсырды.
Бүгінде 75 орындық мәдениет үйі мен кітапхананың құрылысына бюджеттен қаржы бөлініп, мердігер мекеме тарапынан нысанның іргетасы қаланып, кірпіш қалау жұмыстары жүргізілуде.

Онан соң балалар ойын алаңшасы мен кіші футбол алаңының құрылыс сапасын бақылап, мердігер мекеме қызметкерлерімен кездесті. Бүгінде балалар алаңшасы және кіші футбол алаңшасына облыстық бюджеттен қаржы қаралып, жабдықтарды орнату жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Сондай-ақ Түркістан қаласы тағы бір демалыс аймағымен толықты. Шаһардың Әкімшілік-іскерлік орталығынан бой көтерген жасанды көлі бар саябақ пайдалануға тапсырылды. Жаңа нысанның ашылу салтанатына облыс әкімі Нұралхан Көшеров қатысып, тұрғындарға ізгі тілегін жеткізді.

Шаһар басшысы: «Бүгін біз балаларды қорғау күні мерекесі қарсаңында Түркістан төрінде табиғатпен тығыз байланыс орнататын, демалып серуендейтін тағы да бір саябақтың ашылуына куә болып тұрмыз. Қала тұрғындары мен қонақтарына жайлы орта қалыптастыру – біздің басты мақсаттарымыздың бірі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы «Елімізді көгалдандыру, абаттандыру – үлкен мемлекеттік маңызы бар іс. Бұл – жалпыұлттық мәселе. Қазақстанымыз таза болуы қажет» деп айтқан болатын. Ал, бұл саябақ – қаланың экологиялық, туристік әлеуетін арттыруға бағытталған тың жобалардың бірі. Саябақ Түркістанның жасыл қалаға айналуына үлкен септігін тигізеді. Жалпы Түркістанда 109 саябақ пен скверлер қызмет көрсетуде. Ал, бүгін ашылған саябағымыз 110-шы болып отыр. Бұл жобаны іске асыруға атсалысқан барлық мамандарға, құрылысшыларға алғысымды білдіремін. Сіздердің еңбектеріңіз – елге қызмет етудің жарқын белгісі. Аймақта жыл санап туристер саны өсіп келеді. Демалыс орындары да ашылуда. Осылардың барлығы Түркі әлемінің орталығы Түркістан қаласының дамуына оң серпін береді. Сіздерді жаңа саябақтың ашылуымен тағы да шын жүректен құттықтаймын!» – деді.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметінің мәліметінше, саябақ «Жаңа қала» аумағында 12,77 гектар жерде орналасқан. Мұнда 38 438 шаршы метр жер көгалдандырылып, 8 мыңға жуық тал егілген. Жасанды көл 19 500 шаршы метр аумақты қамтиды. Су сыйымдылығы – 60 000 м3. Көл үстінен ұзындығы 92 метр жаяу жүргіншілер көпірі салынған. Сонымен қатар көл үстінде шолу алаңы, сарқырама, субұрқақтар бар. Демалыс аймағында тамақтанатын орындар, балалар алаңшалары, әкімшілік ғимараты қарастырылған. Одан бөлек, шатырлар, жарықшамдар, 270 дана орындық пен 240 дана қоқыс жәшігі орнатылған. Саябақ бір күнде 600 адамға дейін қабылдай алады. Мұнда тұрғындар мен қала қонақтарының жайлы демалысы үшін барлық жағдай қарастырылған.

JQ-Aqparat
Сурет: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

03 маусым, 15:16
Сауран ауданында 280 мың басқа арналған құс фермасы іске қосылады
03 маусым, 14:48
Түркістан: Қазығұрт ауданындағы индустриалдық аймақта 8 жоба жүзеге асып жатыр
03 маусым, 12:49
Түркістан: Мақтаралда қоғамдық көліктер жаңартылды
03 маусым, 12:47
Түркістан: Мың шақырымнан астам жол жөнделіп жатыр
31 мамыр, 18:00
Түркістандағы саз мектебі: баланың болашағына жол ашатын рухани орда
31 мамыр, 15:35
Түркістан: Әлеуметтік нысандар көбейіп келеді
31 мамыр, 15:03
Түркістан: Ордабасы ауданы «көгілдір отынмен» қамтылды
31 мамыр, 14:57
Түркістан: Түлкібас тұрғындарына пәтер кілті табысталды
31 мамыр, 14:51
Түркістан: теміржол вокзалдары жаңғыртылады