jasqazaq.kz

Түркістан: Алаяқтар полиция құрығынан құтыла алмайды

21 мамыр 2024, 14:31

Елімізде алаяқтық жасаумен байланысты қылмыстың көбейгені құқық қорғау органдарының қызметкерлерін алаңдатып отыр. Оңай олжа табуға құныққан алаяқтардың әдіс-тәсілі де күн сайын құбылған бүгінгі күнде тұрғындарды сақтандыру да өз нәтиіжесін беруде.

Түркістан облысы аумағында азаматтарды алаяқтардан сақтандыру мақсатында, полицейлер профилактикалық шараларды жиі өткізеді.

Жуырда Кентау қаласының учаскелік полиция инспекторлары өздеріне бекітілген аумақтарда тұрғындарға алаяқтық қылмысының түрлері, жасалу жолдары туралы айтып, оның алдын алу әдістерін кеңінен түсіндірді.

Патрульдік полиция инспекторлары жүргізушілерге жадынамалар таратып, барынша сақ болуға шақырды. Адамдар көп шоғырланатын орындарға ескерту парақтарын ілді. Алаяқтардың ұялы телефонға қашықтан қосылу үшін өз қызметтерін алдау арқылы ұсынып, ақырында есепшот бен депозиттегі қаржыны сыпырып алатыны жөнінде құлақтандырды.

Алаяқтың торына кез келген жағдайда түсіп қалуға болады. Өзінің жымысқы әрекетін жүзеге асырғысы келетін қулар пәтер, жер, көлік сатып алығысы келетіндерді де қақпанға түсіреді. Сондай бір оқиға Сарыағаш ауданында орын алды. Сарыағаш ауданының полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында, алаяқтық қылмысын жасады деген күдікпен 32 жастағы тұрғынды анықтады. Белгілі болғандай, күдікті ер адам бейтаныс әйелдің үй салу үшін жер іздеп жүргенін біліп, қосымша ақша тапқысы келген.

Содан ол жәбірленушіні «арзан бағамен жер сатамын» деп сендіреді. Жәбірленуші еш күдіктенбей, бірден келісіп, ер адамға алдын ала 3,3 миллион теңгені ұстата салады. «Қарға қарқ етті, ірімшік жерге салп еттінің» кері келіп, күдікті ақша қолына тигеннен зым-зия болған. Ақша берген адамның қоңырауларына жауап бермеген. Бірақ ол полиция құрығынан құтыла алмады.
Ақырында оған қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіле бастады.

Ал Түлкібас ауданында жергілікті тұрғын полиция бөлімінің тергеушісі, полиция аға лейтенанты Жанарыс Исметовке алаяқтық қылмысын анықтау барысында көрсеткен кәсібилігі мен жауаптылығы үшін алғысын білдірді.
Жәбірленуші әйелдің айтуынша, оның атынан белгісіз біреу онлайн-несие рәсімдеп, 800 мың теңгеден астам шығын келтірген. Бір айдан соң банктен «несиеңізді төлеңіз» деп хабар келгенде, жәбірленуші тез арада тәртіп сақшыларынан мән-жайды анықтап, көмек берулерін сұрады.

Аталмыш дерек бойынша іс қозғалып, жедел-іздестіру іс-шарасы барысында ізін суытпай күдікті ретінде 21 жастағы бойжеткен анықталған. Оны дер кезінде анықтап, істі сотқа жолдап, заң аясында қаражатын қайтаруға көмегін көрсеткен тергеуші Жанарыс Илесұлына аудан тұрғыны риясыз алғысын жаудырды.

JQ-Aqparat

Суреттер: Түркістан ПД баспасөз қызметі

04 ақпан, 14:17
Бала - ерлі-зайыптының кек алу құралы емес
31 қантар, 10:23
Егемендік пен аумақтық тұтастық Конституция жобасында өзгермейтін құндылық ретінде бекітіледі
30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады
23 қантар, 19:56
Көмірді кәдеге жарату немесе энергетикалық тәуелсіздік
23 қантар, 15:48
Көздегені пайда, білім сапасы қайда!?