jasqazaq.kz

Түркістан: Әйелдер мен балалар қауіпсіздігі – күн тәртібінде

06 мамыр 2024, 15:52

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жуырда қол қойған әйелдердің құқығы мен балалардың қауіпсіздігіне қатысты заңдар ресми жарияланғаннан кейін, 60 күн өткенде күшіне енеді. Ал кейбір нормалар 2025 жылдың 1 қаңтарында қолданысқа енбек.

Жаңа заңға сәйкес, әйелдер мен балаларға қатысты кез келген сипаттағы зорлық-зомбылық үшін жауапкершілік күшейеді. Тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккендерге арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету үшін отбасын қолдау орталықтарын құруға және олардың жұмысына қатысты мәселелер заңнамалық тұрғыдан бекітілді. Сондай-ақ білім беру ұйымдары кәмелетке толмағандар жасаған немесе оларға қатысты жасалған заңға қайшы әрекеттер туралы құқық қорғау органдарына дереу хабарлауға міндеттеледі.

Ал Түркістан облысында тергеу саласының полицейлері әйелдер қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы жұмысты бұрыннан жүргізіп келеді. Жуырда полиция департаментінің мәжіліс залында осы тақырыпта полиция полковнигі Асылжан Қалдарбековтың төрағалығымен жедел кеңес өтті. Күн тәртібінде «Әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңы талқыланып, түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Жедел кеңеске облысқа қарасты 17 аудан мен қаланың тергеу қызметі жөніндегі орынбасарлары, тергеу және анықтау бөлімшелерінің басшылары, жергілікті полиция қызметі басқармасының қызметкерлері қатысты.

Жиынға қатысқандар биылғы жылдың 14 маусымында қолданысқа енгізілетін заңды, оның ішінде ана мен баланың қауіпсіздігі, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа тосқауыл қою, алдын алу мәселелерін қарады. Заңнның әрбір бабын жіті түсініп, тергеу практикасының жай-күйі талданды.

Полиция өкілдері заңның қатаңдауы отбасылық зорлық-зомбылықты тоқтатып, қылмыстың азаюына ықпал етеді деп сенім білдіреді.

JQ-Aqparat

Суреттер: Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

 

12 қантар, 13:42
Заңгер: Кінәсі сотпен дәлелденсе ғана - қылмыскер
26 желтоқсан 2025, 17:18
ЮНЕСКО тізімі және цифрландыру: тарихи-мәдени мұраны сақтау саласында қандай жұмыс жүргізілді?
26 желтоқсан 2025, 13:06
Айлалы роман: алаяқтар танысу сайттарында қалай алдайды
25 желтоқсан 2025, 16:53
Даңқты батыр Бауыржан Момышұлына “Халық Қаһарманы” атағы ресми түрде берілді
25 желтоқсан 2025, 15:12
«Әкең жынды болса, байлап бақ»: Мұхамеджан Тазабеков Түркістандағы оқиғаға қатысты пікір білдірді (Видео)
25 желтоқсан 2025, 13:38
Жыл қорытындысы: заң, тәртіп және цифрлық даму
25 желтоқсан 2025, 11:48
"Қауіпсіз шот" жоқ! Бас прокуратура алаяқтардан сақтануға шақырды
24 желтоқсан 2025, 10:54
2025 жыл: мәдениет саласындағы даму мен жаңару кезеңі
22 желтоқсан 2025, 13:50
Қызылорда облысына биыл 750 млрд. теңгеден астам инвестиция тартылды