jasqazaq.kz

Түркістан: Әділет органдарына қатысты мәселелер талқыланды

25 маусым 2024, 13:42

Түркістан облысының Әділет департаменті тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында бірқатар іс-шаралар өткізді. Бұл туралы аталған департаменттің баспасөз қызметі мәлім етті. Түркістан облысының Әділет департаментінің ұйымдастыруымен мемлекет кепілдік берген заң көмегін түсіндіру және халықтың құқықтық деңгейін арттыру мақсатында Түркістан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында азаматтармен кездесу өтті.

Аталған шарада Департамент басшысының орынбасары Балжан Әліпбек әділет органдарының қызметкерлері, адвокаттар, нотариустар, сот орындаушылар, заң консультанттары қариялардың мәселелерін тыңдап, олардың Заң аясында шешілу жолдарын қарастырды. Сонымен қатар әлеуметтік сала бойынша жерге, үйге кезекке тұру бойынша сұрақтарға жауап берілді.
Кепілдендірілген мемлекеттік заң көмегі және азаматтарға кешенді әлеуметтік заң көмегін көрсету – әділет органдарының маңызды бағыттарының бірі екендігі түсіндіріліп өтті. Қазақстан Республикасының әрбір азаматы азаматтық, әкімшілік және қылмыстық процестер шеңберінде білікті заң көмегін алуға ажырамас құқыққа ие. Осы орайда мемлекет Қазақстан азаматтарына әділдік пен заң алдындағы теңдік қағидаттары негізінде бұл қолдауға кепілдік беретіндігін атап өтті.

Сонымен қатар Әділет департаменті басшысының орынбасары Балжан Әліпбек Ордабасы ауданы, Темірлан ауылындағы «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдармалар бөлімінің «Шапағат әлеуметтік қызметтер көрсету орталығыда тұрғындарға жеке қабылдау өткізді.

Іс шараның негiзгi мақсаты — зейнеткерлерге, мүгедектерге, жетім балаларға, көп балалы отбасыларға және басқа да азаматтарға құқықтық кеңес берумен қолдау көрсету болып табылады.

Сондай-ақ, осы іс-шара жемiстi және нәтижелi өткiзiлуі үшін құрамында Департамент пен оның құрылымдық филиалдарының білікті қызметкерлері, сот орындаушылары, нотариустар мен адвокаттары, сондай-ақ әлеуметтік сала мамандарынан құралған ақпараттық-насихаттық топ азаматтарға құқықтық ақпараттық жадынамалар таратты.

Әділет департаментінің ұйымдастыруымен Түркістан қаласы әкімдігінің «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдармалар бөлімі» «Әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» ғимаратында Департамент қызметкерлерінің, адвокаттардың, нотариустардың, заң консультанттардың,сот орындаушылардың кәсіби медиаторлардың, қатысуымен халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында және азаматтарға құқықтық мәселелері бойынша заңдық тұрғыда консультациялық көмек көрсетілді.

Аталған шарада 80-ге жуық тұрғындардың мәселелері тыңдалып, заңдық тұрғыда құқықтық көмек берілді. Жоғарыда көрсетілген мәселелер негізінде мемлекет кепілдік берген заң көмегі аясындағы жұмыстар өз жалғасын табуда.

Әлима Әлмерек

Суреттер: Түркістан облысы Әділет департаментінің баспасөз қызметі

04 ақпан, 14:17
Бала - ерлі-зайыптының кек алу құралы емес
31 қантар, 10:23
Егемендік пен аумақтық тұтастық Конституция жобасында өзгермейтін құндылық ретінде бекітіледі
30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады
23 қантар, 19:56
Көмірді кәдеге жарату немесе энергетикалық тәуелсіздік
23 қантар, 15:48
Көздегені пайда, білім сапасы қайда!?