Түркістан: Әділет департаментінің мамандары құқықтық кеңес берді

03 маусым, 10:39


Түркістан облысының Әділет департаментінің ұйымдастыруымен мемлекет кепілдік берген заң көмегін түсіндіру және халықтың құқықтық деңгейін арттыру мақсатында Түркістан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының ардагерлер үйінде кездесу өтті. Бұл туралы облыстық Әділет департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Аталған шарада әділет органдарының қызметкерлері, адвокаттар, нотариустар, сот орындаушылар,заң консультанттары 100- ге жуық азаматтың ішінде 60 қарияның мәселелерін тыңдап, олардың Заң аясында шешілу жолдарын қарастырды.Сонымен қатар тұрғындарға кепілдендірілген мемлекеттік заң көмегі және азаматтарға кешенді әлеуметтік заң көмегін көрсету – әділет органдарының маңызды бағыттарының бірі екендігі түсіндіріліп өтті. Қазақстан Республикасының әрбір азаматы азаматтық, әкімшілік және қылмыстық процестер шеңберінде білікті заң көмегін алуға ажырамас құқыққа ие. Осы орайда мемлекет Қазақстан азаматтарына әділдік пен заң алдындағы теңдік қағидаттары негізінде бұл қолдауға кепілдік беретіндігін атап өтті.


Сонымен қатар Әділет департаментінің ұйымдастыруымен Департамент басшысы Мұхит Тұрғараевтың төрағалығымен «Атқару құжаттарының орындау тиімділігін арттыру» тақырыбында жиналыс өтті.
Аталған шараға Түркістан облыстық прокуратурасының өкілі, Түркістан Облыстық сотының өкілі, Түркістан облысының Полиция департаментінің көші-қон қызметі басқармасының өкілі, Түркістан облысының Полиция департаментінің әкімшілік полиция басқармасының өкілі, Түркістан облысының Полиция департаментінің анықтау басқармасының өкілі, Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің өкілі, Түркістан облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының өкілі, Түркістан облысының жеке сот орындаушылар өңірлік палата басшысы және жеке сот орындаушылары қатысты.
Жиын барысында ҚР Әділет министрлігінің 2023-2027 жылдарға арналған даму жоспарының орындалуы, атқарушылық құжаттардың орындалуы және оларға қатысты әкімшілік және қылмыстық жауаптылық, алименттерді өндіріп алу санатындағы атқару өндірістері бойынша проблемалық мәселелер, мемлекет кірісіне сомаларды өндіріп алу туралы атқару өндірістері, жеке сот орындаушысына қатысты келіп түскен соттардың жеке ұйғарымдары, іс әрекеттерін заңсыз деп тану туралы сот актілері және сот орындаушыларына қатысты қозғалған қылмыстық істер бойынша баяндалды.
Сондай ақ жоғарыда аталған мәселелер бойынша жұмысты одан әрі жандандыру тапсырылды.

26 қараша, 14:17
Ғажайып крем қалтаны қақты
25 қараша, 14:24
Арнайы алимент қоры қашқын әкенің жүгін жеңілдетеді
24 қараша, 21:50
Алматыда XVII Халықаралық «Еуразия» кинофестивалі басталды
19 қараша, 15:33
Дәлел Уәшев: Қазақтың дәстүрлі өнері мен мәдениетін жетік біліп,  құрметпен қарауға міндеттіміз
12 қараша, 11:05
Red+ арқылы сатып алсаңыз 15% бонус
25 қазан, 11:56
Астық пен тасымал көбейсін!
23 қазан, 14:22
Президент: Бейбітшілік пен тыныштық - біздің ең құнды байлығымыз
18 қазан, 11:59
Алаяқтық жолмен несие рәсімдеуге банктердің қатысы бар ма?
16 қазан, 14:48
Қызылордада інісінің куәлігімен ағасын соттап жіберген