jasqazaq.kz

Түркістан: Әділет департаменті «Қоғамдық сананы жаңғырту» жобасын жүзеге асыруда

02 шiлде 2024, 13:14

Елімізде қоғамдық сананы дамытуда жан-жақты жұмыстар атқарылуда. Түркістан облысының Әділет департаментінде Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігімен әзірленген «Қоғамдық сананы жаңғырту» жобалар тобының міндеттерін іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Түркістан облысы бойынша филиалының аға оқытушысы Нұрбай Досановтың басшылығымен «Парасаттылық құндылығы» тақырыбында пікір сайыс өтті.

Бұл туралы Түркістан облысы Әділет департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті. Халқымызда «Басты байлық – рухани байлық» деген сөз бар. Рухани байлық дегеніміз парасат десек, парасаттылық көзқарасы қоғамда насихатталса және берік орнықса сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға әбден болады. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» деген аталы сөзге сай, әр адам заңдарды құрметтеп, ата-бабамыздың саналы өсиетін үлгі тұтса қоғамда келеңсіз әрекеттер болмайды. Әсіресе жастарды тәрбиелі, парасатты, халықтың қамын ойлайтын, қызметіне адал ұрпақ етіп қалыптастыру жолында «Парасаттылық құндылығы» тақырыбыныің міндеті зор. Жиында қызметкерлер тарапынан сұрақтар қойылып, пікірлерімен бөлісті.

Сонымен қатар Әділет департаментінің ұйымдастыруымен департамент басшысының орынбасары Б.Әліпбек, құқықтық түсіндіру жұмысы және заңгерлік қызмет көрсету бөлім басшысы Н.Ербекешов, Түркістан облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментінің Аға офицері Г.Қарсыбайдың және де адвокаттар, заң консультанттары, нотариустардың қатысуымен «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңының талаптарын сақтауы бойынша семинар өткізілді.

Семинар барысында, адвокаттар, заң консультанттары және нотариустарға «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңының талаптарын қолдану практикасы түсіндірілді.

Сонымен қатар, нотариустардың іс-әрекетіне қатысты жеке және заңды тұлғалардан түсетін арыз-шағымдарды болдырмау жолы талқыланды.
Түркістан облысының Әділет департаменті басшысының орынбасары Балжан Әліпбектің төрағалығымен «Е-заң көмегі» ақпараттық жүйесінің функционалдары арқылы сотқа дейінгі сатыда электрондық қылмыстық сот ісін жүргізуді енгізу кезінде Заң көмегі шеңберінде адвокатты тағайындауды, сондай-ақ адвокат, заң консультанты көрсеткен заң көмегіне ақы төлеудің және құқықтық консультация беруге, қорғауға және өкілдік етуге байланысты шығыстарды есептеуді талқылау жөнінде семинар өтті.

Семинарға Түркістан облысының ҚР БП ҚСжАЕАЖК-нің департаментінің, Түркістан облысы полиция департаментінің өкілдері, Түркістан облысы адвокаттар алқасының адвокаттары, Түркістан-Қызылорда облыстары бойынша өңіраралық заң консультанттары палатасының кеңесшілері қатысты. Іс-шарада «Е-Заң көмегі» ақпараттық жүйесінің функционалдары арқылы сотқа дейінгі сатыда электрондық қылмыстық сот ісін жүргізуді енгізу кезінде, мемлекет кепілдік берген заң көмегі шеңберінде, адвокатты тағайындау барысында туындайтын кемшіліктерді жою және орын алдырмау мәселелері талқыланды.

JQ-Aqparat

Суреттер: Түркістан облысы Әділет департаментінің баспасөз қызметі

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда