Түркістан: Әділет департаменті халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруда

20 тамыз, 15:26

Түркістан облысында халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған іс-шаралар өтуде. Осыған орай облыста «Әділет кеңес береді» акциясы басталды, деп хабарлайды Түркістан облысы Әділет департаментінің баспасөз қызметі. Аталған департаменттің ұйымдастыруымен Үкіметтік емес ұйым (ҮЕҰ) өкілдерінің және адвокаттардың, нотариустардың, заң консультанттары, «Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің» Түркістан облысы бойынша өкілі, жеке сот орындаушылардың қатысуымен халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және азаматтарға құқықтық, оның ішінде тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселелері бойынша заңдық тұрғыда консультациялық көмек көрсету мақсатында «Сенім-ай» қоғамдық бірлестігінің «Көмек» дағдарыс орталығындағы азаматтарға «Әділет кеңес береді» акциясы аясында қабылдау өткізілді. Аталған шарада орталықтағы азаматтардың мәселелері тыңдалып, заңдық тұрғыда тиісті жауаптар берілді.

Жоғарыда көрсетілген мәселелер негізінде мемлекет кепілдік берген заң көмегі аясында тегін адвокаттық қызмет көрсету бойынша жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын таппақ. Сонымен қатар Түркістан облысының Әділет департаментінің мамандарымен халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және халыққа тәулік бойы тегін заң көмегін көрсету мақсатында, қала тұрғындарына адвокат, заң консультанты, нотариус және жеке сот орындаушыларымен көрсететілетін қызметтер жайлы жан жақты айтылды. Сондай-ақ тұрғындарға мемлекет кепілдік берген заң көмегін алуға құқығы бар тұлғаларға «Кешенді әлеуметтік заң көмегі» тақырыбында және құқықтық сұрақтар бойынша 119 нөмері арқылы Қазақстан аумағы ішінде тегін кеңес алу жөніндегі жадынамалар таратылды.

«Құқықтық көмек» жобасы аясында балалардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша «AMANAT» партиясының ұйымдастыруымен Түркістан облысының Әділет департаменті қызметкерлерімен, жеке сот орындаушымен, адвокатпен және нотариустардың қатысуымен қоғамдық қабылдау өткізілді.

Қоғамдық қабылдауда қала және аудан тұрғындарымен кәмелет жасқа толмаған балалардың құқығын қорғау, алдағы оқу жылына дайындық, алимент өндіру және балаларға қатысты басқа да мәселелер көтерілді.

Қабылдауға жүгінген азаматтардың уәждері тыңдалып, заң аясында тиісті түсіндірмелер берілді.

Коммерциялық ұйымдарды тіркеу және тіркеу қызметі саласындағы бақылау бөлімімен “Азаматтарға арналган үкімет” мемлекеттік корпорация” КЕ” АҚ-ның Түркістан облысы бойынша филиалының Түркістан қалалық №1 халыққа қызмет көрсету бөлімінің қызметкерлері тіркеу және жер кадастры бөлімімен, “Халықтың көші-қоны туралы” Заңына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға қатысты құқықтық түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Әділетдепартаментінің мамандары тұрғындарға құқықтық көмек беруде әрдайым дайын. Қазіргі таңда халықты қажетті ақпаратпен қамту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ал ақпараттық түсіндіру жұмыстары алдағы уақытта да жалғасатын болады.

JQ-Aqparat
Сурет: Түркістан облысы Әділет департаментінің басапасөз қызметі

26 қараша, 14:17
Ғажайып крем қалтаны қақты
25 қараша, 14:24
Арнайы алимент қоры қашқын әкенің жүгін жеңілдетеді
24 қараша, 21:50
Алматыда XVII Халықаралық «Еуразия» кинофестивалі басталды
19 қараша, 15:33
Дәлел Уәшев: Қазақтың дәстүрлі өнері мен мәдениетін жетік біліп,  құрметпен қарауға міндеттіміз
12 қараша, 11:05
Red+ арқылы сатып алсаңыз 15% бонус
25 қазан, 11:56
Астық пен тасымал көбейсін!
23 қазан, 14:22
Президент: Бейбітшілік пен тыныштық - біздің ең құнды байлығымыз
18 қазан, 11:59
Алаяқтық жолмен несие рәсімдеуге банктердің қатысы бар ма?
16 қазан, 14:48
Қызылордада інісінің куәлігімен ағасын соттап жіберген