jasqazaq.kz

Түркістан: Әділет департаменті «Ашық есік» күнін өткізді

30 мамыр 2024, 13:59

Халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру күн тәртібіндегі өзекті мәселе. Бүгінде еліміздің барлық өңірлерінде құзырлы органдар тарапынан халықтың құқықтық сауаттылығн арттыруға бағытталған іс-шаралар өтуде. Түркістан облысы Әділет департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, шалғайдағы ауыл тұрғындарына құқықтық көмек көрсету мақсатында Сарыағаш ауданы, Қабланбек ауылдық округінің тұрғындарымен мемлекет кепілдік берген заң көмегі аясында құқықтық кездесу өтті.

Аталған шарада Департамент басшысының орынбасары Балжан Мадиқызы әділет органдарының қызметіне қатысты мәселелер бойынша 50-ге жуық жеке және заңды тұлғалармен, олардың өкілдеріне жеке қабылдау жүргізді. Сонымен қатар азаматтарға халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында департамент қызметкерлері, адвокаттар, заң консультанттар, нотариустер және жеке сот орындаушылардың, “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Волонтерлік жобасының” еріктілері, «Адалдық алаңы» жобалық кеңесі жетекшісінің қатысуымен, халыққа қажетті заңгерлік кеңес, ақысыз заңгерлік көмек көрсетіліп, қажетті мәселелер бойынша Заң аясында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.Тұрғындарға ақпараттық жадынамалар таратылды.

Сонымен қатар Әділет департаментінің ұйымдастыруымен халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған іс-шара Түркістан облысы Төле би ауданының Зертас ауылында жалғасып, департамент мамандары халықпен кездесті.

Кездесу барысында қарыздары бойынша мәселесі бар тұрғындар Әділет департаменті мамандарынан кеңес алды. Сонымен қатар тұрғындар жеке есеп шоттарының қай жағдайларда ашылуын, алимет өндіріп алу, жеке сот орындаушылардың әрекеті және жәрдемақы тағайындау үшін қандай құжаттардың рәсімделу қажет екендігі туралы мәселелерді көтерді. Мамандар 20-ға жуық жеке тұлғаның сұрақтарына жауап беріп, құқықтық кеңес берді.

Департамент мамандары ауыл тұрғындарымен кездесу барысында азаматтарға алаяқтыққа және қаржылық пирамидаларға қарсы іс-қимыл бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Интернет алаяқтықтың алдын алу бойынша ауыл тұрғындарына кеңес беріліп, жадынамалар таратылды. Сондай-ақ кездесуге келушілерге алаяқтық іс-әрекеттерден сақтану жолдары айтылды. Бұдан бөлек, жерді заңдастыру, атаулы әлеуметтік көмекті алу және әлеуметтік мәселелерге қатысты сұрақтарға Заң аясында тиісті жауаптар берілді.

JQ-Aqparat

Cуреттер: Түркістан облысы Әділет департаментінің баспасөз қызметі

15 наурыз, 14:02
Шавкат Рахмонов Қонаев қаласында дауыс берді
15 наурыз, 13:36
Қызылорда: Қазақтың үш ханы дауыс беруге келді
13 наурыз, 17:27
Елімізде теміржол инфрақұрылымы жаңғыртылып жатыр
13 наурыз, 16:07
Тіршілік нәрі судың нарқы қашанда қымбат
12 наурыз, 15:28
Қызылордада тұрғын үй құрылысы қарқын алып келеді
11 наурыз, 12:19
«Таза Қазақстан» акциясы биыл өз жалғасын таппақ
10 наурыз, 15:21
Елімізде 163 жаңартылатын энергия нысаны жұмыс істейді - вице-министр
05 наурыз, 16:08
Батыс Қазақстанда су тасқынына қарсы дайындық шаралары күшейтілді
18 ақпан, 13:05
Жаңа Конституция: Ресурстық экономикадан – Интеллектуалдық модельге