Түркі мемлекеттері ұйымының келесі саммиті Қырғызстанда өтеді

03 қараша 2023, 14:57

Түркі мемлекеттері ұйымының ХІ саммиті келесі жылы Қырғызстанда өтеді. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты.
«Кезекті 11-ші саммит келесі жылы Қырғызстанда өтеді. Бүгін қабылданған шешімдер түркі елдерін одан әрі дамытуға ықпал ететіндігіне кәміл сенемін», — деді Түркі мемлекеттері ұйымының Х саммитін қорытындылаған Қазақстан Президенті.
Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев түркі әлемінің бірлігін күшейтуге қосқан зор үлесі үшін Өзбекстан Президентіне орден тапсырды.
«Мен түркі әлемінің бірлігін күшейтуге қосқан елеулі үлесі үшін Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевті түркі әлемінің ең жоғары орденімен марапаттау жөнінде бастама көтердім. Менің ұсынысым бірауыздан қолдау тапты, ризашылығымды білдіремін», — деді Мемлекет басшысы.
Түркі мемлекеттері ұйымының Х мерейтойлық саммитінің қорытындысы бойынша бірқатар шешім қабылданып, құжаттарға қол қойылды.
«Түркі мемлекеттерінің қауіп-қатерлерге қарсы бірігуі, өзара көмек көрсетіп, тиімді іс-әрекет жасауы өте маңызды. Бабаларымыз «Тірлік басқа болса да – тілек бір, бармақ басқа болса да – білек бір» деген. Біздің Түркі ықпалдастығын нығайту жолындағы ортақ табысымыз – соның айқын көрінісі. Саммиттің қорытындысы бойынша бірқатар шешім қабылданады, құжаттарға қол қойылады. Оның бәрі Түркі әлемін өркендетуге, елдеріміздің ынтымағын арттыруға ықпал етеді. Сондай-ақ аймақтағы ықпалдастықты дамытуға және ұйымның беделін күшейтуге зор үлес қосады деп сенемін», — деді Мемлекет басшысы.

JQ-Aqparat

01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді
24 шiлде, 15:23
Түркістан: Басты мақсат-қылмыстың алдын алу