Түркі елдерінің өкілдері ақпарат саласындағы өзара іс-қимыл мәселелерін талқылады

18 қазан 2023, 15:15

Бішкекте Түркі мемлекеттері Ұйымының медиа және ақпарат мәселелері бойынша министрлер мен жоғары лауазымды тұлғаларының 5-ші кеңесі өтті. Оған ТМҰ Бас хатшысы Қуанышбек Өміралиев, Қырғыз Республикасының мәдениет, ақпарат, спорт және жастар саясаты министрі Алтынбек Мақсұтов, Қазақстан Республикасының мәдениет және ақпарат вице-министрі Қанат Ысқақов, Әзербайжан, Өзбекстан, Түркия Республикасы, Түрікменстан және Венгрия делегациялары қатысты.

Қазақстан делегациясы құрамына «Қазақстан РТРК» АҚ және «Хабар» Агенттігінің өкілдері де кірді.

Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, кеңес аясында тараптар ТМҰ-ға қатысушы елдердің ақпараттық өзара іс-қимылының, ынтымақтастықты дамытудың, ұйымға мүше мемлекеттердің өзара қарым-қатынастарының өзекті тақырыптарын талқылады.

Жиында Қанат Ысқақов бұқаралық ақпарат құралдарының тұрақтылықты сақтаудағы және қоғамның қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі ерекше рөлін атап өтіп, түркі елдері арасындағы ақпарат саласындағы өзара іс-қимыл ТМҰ елдерінің мәдениеті мен тарихи өзара байланысын нығайтуға серпін беретінін айтты.

Сондай-ақ, жалған ақпаратқа қарсы іс-қимылға, бірлескен медиа жобаларды іске асыруға және ақпараттық салада тәжірибе алмасуға бағытталған жұмысты жалғастырудың маңыздылығы атап өтілді.

Қазақстан делегациясы Қырғызстан мен Өзбекстаннан келген әріптестерімен бірқатар кездесулер өткізіп, мемлекеттік ақпараттық саясатты іске асыру, оның ішінде Қазақстанда қабылданған «Онлайн-платформалар және онлайн-жарнама туралы» Заң бойынша өз тәжірибесімен бөлісті.

Тараптар ақпарат және БАҚ саласындағы өзара ынтымақтастық, контент алмасу, жалған ақпаратқа қарсы күрес бойынша бірыңғай платформа құру, сондай-ақ қоғамдық дипломатия саласындағы бірлескен жұмыс мәселелерін талқылады.

Екі күндік кеңестің қорытындысы бойынша ТМҰ-ға қатысушы елдер арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайту туралы шешім қабылданды,- бұқаралық ақпарат құралдары арасындағы өзара іс-қимылды жетілдіру мен көтермелеу, сондай-ақ кең ауқымда өзара ақпарат алмасу және дамудың т.б. басым бағыттары айқындалды.

JQ-Aqparat 

Суреттер: Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

 

Бүгін, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді