Түркияда матч өткізіп жатқан Мария Шараповаға жанкүйерлердің бірі аяқ астынан күйеуге шығу туралы ұсыныс айтты. Теннисші ойланбастан, «күйеу жігітке» жауап қайтарды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Чемпионат.com-ға сілтеме жасап
Түрік жігіті ұсынысты матч кезінде болған шағын үзілісте жариялады. Әлемнің экс бірінші ракеткасы, «Үлкен шлем» турнирінің бес дүркін чемпионы Шарапова басын шайқап, оған «Мүмкін» деген жауап қайтарды.