jasqazaq.kz

«Түрі ұнамаған». Шымкентте ер адам көшеде кездейсоқ кездескен келіншекті пышақтап өлтірді

30 қантар, 8:55

Шымкентте ер адам көшеде кездейсоқ кездескен келіншекке суық қарумен шабуыл жасаған. Қанды қылмыс қаланың қақ ортасында болған, деп хабарлайды jasqazaq.kz КТК-ға сілтеме жасап.

41 жастағы әйел алған жарақаттан оқиға орнында тіл тартпай кетті. Күдіктінің айтуынша, мұндай жауыздыққа баруына марқұмның түр-әлпеті ұнамағаны себеп болыпты. Ол мұнымен қоймай, полицияға да қарсылық көрсеткен. Сол себепті тәртіп сақшылары оны ұстағанда қару қолдануға мәжбүр болған. Күдікті жараланып, дереу ауруханаға жеткізілді. Қазір оны палата есігінде сақшылар күзетіп тұр. Бұған дейін де сотты болған оған «адам өлтіру» бабымен қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр.

Арман Бейсенбаев, Шымкент қаласы, ПД бастығының міндетін атқарушы; — Күдікті медициналық мекемеге жеткізілді және полицияның күзетінде. Оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу жүргізілуде.

Бүгін, 14:02
Шавкат Рахмонов Қонаев қаласында дауыс берді
Бүгін, 13:36
Қызылорда: Қазақтың үш ханы дауыс беруге келді
13 наурыз, 17:27
Елімізде теміржол инфрақұрылымы жаңғыртылып жатыр
13 наурыз, 16:07
Тіршілік нәрі судың нарқы қашанда қымбат
12 наурыз, 15:28
Қызылордада тұрғын үй құрылысы қарқын алып келеді
11 наурыз, 12:19
«Таза Қазақстан» акциясы биыл өз жалғасын таппақ
10 наурыз, 15:21
Елімізде 163 жаңартылатын энергия нысаны жұмыс істейді - вице-министр
05 наурыз, 16:08
Батыс Қазақстанда су тасқынына қарсы дайындық шаралары күшейтілді
18 ақпан, 13:05
Жаңа Конституция: Ресурстық экономикадан – Интеллектуалдық модельге