jasqazaq.kz

Тұңғыш Бас мүфти Рәтбек қажы Нысанбайұлы дүниеден өтті

16 қантар, 16:22

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының тұңғыш Бас мүфтиі, құрметті мүфти Рәтбек қажы Нысанбайұлы дүние салды. Бұл туралы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.
Рәтбек қажы Нысанбайұлы 1940 жылы 14 қарашада дүниеге келген. Көрнекті діни қайраткер. Қазақстан мұсылмандарының тұңғыш бас мүфтиі. Қазақ мемлекеттік сәулет-құрылыс академиясының құрметті профессоры, белгілі ғалым.
Бұхарадағы «Мир-Араб» медресесін және Бұхар педагогикалық институтын бітірген. Ливия университетінде діни білім алған.
Ашық дереккөздерде ол бас мүфти болған кезде еліміздегі мешіттер саны 1,5 мыңға дейін көбейгені айтылады. Алматыда Бас мешіт салынды. Оның бастамасымен Ислам университеті, Жамбыл облысының Меркі ауылында медресе ашылды, «Ислам әлемі» және «Шапағат-Нұр» діни журналдар шыға бастады.
Jas Qazaq ұжымы Рәтбек қажының отбасы мен жақындарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтады.
Jas Qazaq

Сурет: sunna.kz

Бүгін, 14:02
Шавкат Рахмонов Қонаев қаласында дауыс берді
Бүгін, 13:36
Қызылорда: Қазақтың үш ханы дауыс беруге келді
13 наурыз, 17:27
Елімізде теміржол инфрақұрылымы жаңғыртылып жатыр
13 наурыз, 16:07
Тіршілік нәрі судың нарқы қашанда қымбат
12 наурыз, 15:28
Қызылордада тұрғын үй құрылысы қарқын алып келеді
11 наурыз, 12:19
«Таза Қазақстан» акциясы биыл өз жалғасын таппақ
10 наурыз, 15:21
Елімізде 163 жаңартылатын энергия нысаны жұмыс істейді - вице-министр
05 наурыз, 16:08
Батыс Қазақстанда су тасқынына қарсы дайындық шаралары күшейтілді
18 ақпан, 13:05
Жаңа Конституция: Ресурстық экономикадан – Интеллектуалдық модельге