jasqazaq.kz

«Түйе палуан» анықталды

04 желтоқсан 2017, 17:35

Түркістанда қазақ күресінен республикалық жарыс болып өтті. Осымен 25-ші рет жалауы көтерілген дәстүрлі «Тайқазан» турниріне 250-ге тарта спортшы қатысты.

Республикалық сайыста 1998-1999 жылы туған Астана қаласы мен Солтүстік Қазақстан, Алматы, Жамбыл, Қызылорда облыстарынан келген спортшылар бағын сынады. Бұл топта ҚР Жастар құрама командасының өкілдері де болды. Жарыс қорытындысында 100 келіде Әбдіғани Бибарыс алтын иеленсе, 74 келіде Олжа Хамит пен 82 келіде Айдарбек Тоқтарбек күміс жүлдені олжалады. Ал аса ауыр салмақтағы спортшылар арасындағы «Түйе палуан» жарысы аса тартысты өтті. Бұл бәсекеде де Әбдіғани Бибарыс жеңімпаз атанса, Жанатай Ерасыл жастар құрамасы бойынша екінші орынды алды. Түркістандық Бекарыстан Алмас үздік үштікті түйіндеді. Түйе палуандар белдесуінде спортшылар қомақты қаржылай сыйлықтарды жүлделі орындарына қарай бөлісті.

10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы
09 тамыз, 15:04
Бахадыр Мәдәліұлы: Мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету – мәслихат пен партияның ортақ міндеті
06 тамыз, 20:36
Алматыда көше және сәулеттік жарықтандырудың бірыңғай жүйесі жасалады
05 тамыз, 12:34
Бала жанын түсіну – рухани жауапкершілік
31 шiлде, 15:56
Тайланд-Камбоджа: Шиеленіс қалай шешілді?
31 шiлде, 15:21
2,7 млн жайылым жер мемлекетке қайтарылды: жұмыс жалғасады
31 шiлде, 15:00
Айгүл Жамалбекова: Мүмкіндігі шектеулі жандарға ешқандай шектеу жоқ
31 шiлде, 14:48
Қолжетімді баспана – мемлекеттік тұрғын үй саясатының басым бағыты
31 шiлде, 12:19
Жетісайда мүмкіндігі шектеулі жандардың өтініші басты назарда