Туристер көп келген қай өңір?

12 қазан 2023, 13:00

Ұлттық статистика бюросы 2023 жылдың қаңтар, шілде айларында туристер арасында іріктемелі зерттеу жүргізді. Оған 22,4 мың шетелдік қатысты, оның 16,9 мыңы – Қазақстанға жеке мақсатпен келгендер, қалған 5,4 мыңы – іссапарға келген.

Сапарлаған өңірлер бойынша тізім басында Астана, Алматы қалалары және Маңғыстау облысы тұр.

«Туристердің 31% курорттық аймақтарға барға, оның ішінде туристердің негізгі үлесі Алматы тау кластерін таңдаған – 57,7%, тағы 14,7% Маңғыстау өңіріне барған.

Келушілер негізінен пойызбен (31,5%), ұшақпен (30,4%) және халықаралық автобуспен (22,8%) саяхаттап, туыстарына немесе таныстарына тоқтаған (52,3%), сондай-ақ, қонақүйлерге (24,9%), жалдамалы пәтерлер мен үйлерге (18,4%) және басқа орналастыру орындарына (4,4%) орналасқан.

Туристердің орташа алғандағы саяхат ұзақтығы – 4 күн», — деп жазды статистика бюросынан.

Келушілердің жалпы шығыны 3,6 млрд теңгені құрады. Оның ішінде жеке мақсаттар бойынша 2,4 млрд теңге, іскерлік мақсатта 1,1 млрд теңге жұмсалған.

Келушілер шығыстарының негізгі үлесі халықаралық және Қазақстан ішіндегі жол шығыны (53,8%) мен тамақтану (15,3%) болды. Шығындардың аз бөлігі орналастыру орындарында тұруға – 13%, тауарларды сатып алуға – 13,7% тиесілі.

«Зерттеуге 66 елден келген туристер қатысты, келушілердің ең көп үлесі Ресей, Өзбекстан және Қырғызстан елдерінен болды», — делінген жазбада.

JQ-Aqparat

Бүгін, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді