jasqazaq.kz

Туған анасының алтын бұйымдарын ұрлап, ломбардқа өткізген

28 қараша 2017, 21:52


Ақмола облысында туған анасының алтын бұйымдарын ұрлап, ломбардқа өткізіп жіберген күдікті жігіт ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ІІД баспасөз қызметінің мәліметіне қарағанда, ұрлық 2017 жылдың 16 қарашасы күні Целиноград ауданының Софиевка ауылында жасалған.

Зардап шегуші полицияға белгісіз біреулер оның сандықта тұрған асыл бұйымдарын жымқырып кеткендігін айтып шағымданған. Келтірілген шығын көлемі 160 мың теңгені құрады.

«Жедел іздестіру шарасы барысында 27 қараша күні күдікті ретінде зардап шегуші əйелдің 30 жастағы ұлы ұсталды. Қазіргі кезде күдікті қылмысын мойындады. Оның үстінен ҚР ҚК 188- бабының 1-бөлімі бойынша іс қозғалды.

Сонымен қатар, күдіктінің ұрланған алтын бұйымдарды ломбардқа өткізіп жібергені анықталды», — делінген баспасөз хабарламасында.

10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы
09 тамыз, 15:04
Бахадыр Мәдәліұлы: Мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету – мәслихат пен партияның ортақ міндеті
06 тамыз, 20:36
Алматыда көше және сәулеттік жарықтандырудың бірыңғай жүйесі жасалады
05 тамыз, 12:34
Бала жанын түсіну – рухани жауапкершілік
31 шiлде, 15:56
Тайланд-Камбоджа: Шиеленіс қалай шешілді?
31 шiлде, 15:21
2,7 млн жайылым жер мемлекетке қайтарылды: жұмыс жалғасады
31 шiлде, 15:00
Айгүл Жамалбекова: Мүмкіндігі шектеулі жандарға ешқандай шектеу жоқ
31 шiлде, 14:48
Қолжетімді баспана – мемлекеттік тұрғын үй саясатының басым бағыты
31 шiлде, 12:19
Жетісайда мүмкіндігі шектеулі жандардың өтініші басты назарда