jasqazaq.kz

«Цифрлық Қазақстан» бағдарламасының ресми сайты іске қосылды

21 маусым 2018, 18:08

«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының ресми сайты — digitalkz.kz іске қосылды. Бұл сайтта бағдарлама аясында енгізіліп жатқан жобалар туралы толық мағлұмат беріледі.

Цифрландыру бағдарламасын 2017 жылдың желтоқсанында Қазақстан Үкіметі бекітті. Ол 2018-2022 жылдарға арналған. Бұл бағдарлама сандық технологияларды қолдану арқылы ел экономикасын дамытуға және тұрғындардың өмір сапасын жақсартуға бағытталған. digitalkz.kz сайтында бағдарламаның әр бағытына жеке бөлім арналған. «Жаңалықтар» бөлімінде жоспарлар мен қол жеткізілген нәтижелер туралы, қазақстандық жобалардың тарихы туралы қызықты мақалалар оқуға болады. Сонымен қатар, digitalkz.kz сайтының редакциясы әлемде болып жатқан цифрландыру процесі туралы, жаңа технологиялар енгізу бойынша басқа мемлекеттердің тәжірибесі жайында шетелдік БАҚ-тағы танымдық мақалаларды аударып, жариялайды. «Байланыс» бөлімінде «Зерде» холдингінен «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы жобасының үйлестірушілері туралы ақпараттар бар. Қосымша ақпараттар алу үшін оларға хабарласуға болады. Жаңа сайттың жұмысы бойынша сондай-ақ «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру бойынша ұсыныстар мен барлық мәселелерді мына электрондық поштаға жолдауға болады: press@zerde.gov.kz.

Мемлекеттік бағдарламаның әлеуметтік желілердегі ресми парақшалары:

1. https://www.facebook.com/digitalkz.kz/ (Фейсбук)

2. @digitalkz.kz (Инстаграм)

3. https://www.youtube.com/channel/UCehcOeWn8qKP8xnFN8s6mXQ (www.youtube.com каналы)

4. https://t.me/digitalkzkz (Телеграмдағы каналы)

Цифрлық Қазақстан жобасы «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ мен «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту Қорының қолдауымен «Коммуникативтік бастамалар және стратегиялар» Жеке қорымен іске асырылады.

Бүгін, 14:08
Әлібек Молдакәрімов: Өңірдегі жобалар негізінен өңдеу өнеркәсібіне бағытталған
Бүгін, 12:46
АЭС құрылысы: Дұрыстығы дәлелденген тарихи шешім
20 наурыз, 11:24
Қорғаныс қабілеті мықты мемлекет ертеңге сеніммен қарайды
19 наурыз, 12:31
Әскери ынтымақтастық: Қуатты қорғаныс саясатының берік кепілі
18 наурыз, 13:39
«Таза Қазақстан» әркімнің өзінен басталады
18 наурыз, 12:56
Мирас Тоқтарханов: Абай облысында ауыл шаруашылығының барлық бағытына қолдау бар
17 наурыз, 15:22
Мұнай өңдеу: Әлеует пен әрекет үндескенде
17 наурыз, 12:25
Рәтбек Демеуберген: Біздің басты міндетіміз - кез келген жағдайға жедел әрекет ету
16 наурыз, 14:26
Бауыржан Ізмағамбетов: Ауыз су жүйесімен қамту деңгейі 100 пайызға жетті