ТШО-ның жұмыс орындарын ашу тәжірибесі көпке ортақ

01 қараша 2023, 17:20

Алдағы 5 жылда тұрақты жұмыс күші үшін жыл сайын 100 мыңға жуық жаңа жұмыс орны қажет болады. Астанада өткен «Өзгеріс дәуіріндегі еңбек нарығы: сын-тегеуріндер, инновациялар және перспективалар» атты халықаралық конференция Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова осылай деп мәлімде. Мамандар бұл ретте «Теңізшевройл» (ТШО) компаниясының жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған тәжірибесі басқаларға үлгі деп есептейді.

Расында, компанияның Теңіз кенішіндегі Келешек кеңею жобасы – Ұңғы ернеуіндегі қысымды басқару жобасының (ККЖ-ҰЕҚБЖ) құрылыс жұмысының шарықтау кезеңінде шамамен 90 000 қазақстандық жұмысшы еңбек етті. Оның ішінде 36 500-ден астам қызметкер оқу-тәжірибеден өтіп, қазақстандық және халықаралық стандарттар бойынша сертификат алдыы. Жаңа зауыттағы жұмысты аяқтаған мамандар өз білімі мен тәжірибесін Қазақстандағы және шетелдегі басқа жобаларда сәтті қолдануда.
ТШО-ның бұл саладағы тәжірибесін халықаралық ұйымдар да оң бағалап отыр. Атап айтқанда, S&P Global халықаралық сараптамалық агенттігінің зерттеуіне сүйенсек, Теңіз кен орнын игеру ТШО-дағы әрбір жұмыс орнына ел экономикасында қосымша 41 жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.


Елодадағы жиында өз ойын ортаға салған «Теңізшевройл» ЖШС Бас директорының орынбасары Көңілқош Сүйесінов мәлім еткендей, 2018 жылдан бастап ККЖ-ҰЕҚБЖ Қабілеттерді дамыту және кәсіби-техникалық мамандықтарға оқыту тобы (Craft Training) «АПЕК Тренинг орталығын» NCCER (National center for construction education and research) халықаралық аккредитациясын алу үшін дайындық жүргізді. 2021 жылдан бастап ККЖ-ҰЕҚБЖ-да 3000-ға жуық жоба қызметкерінің тиімді топ/дала тобы (бригада) жетекшісінің дағдыларын дамытатын «Топты басқарудың негіздері» (CREW Leadership) курсы ашылды.
Теңіз кенішін игеріп жатқан ТШО-ның негізгі қызметінде қазақстандық жұмысшылардың үлесі 1993 жылы 50 пайыз болатын. Қазір бұл көрсеткіш 95 пайызға жеткен.
«Теңізшевройл» Атырау облысында орналасқан аса ірі Теңіз кенішін игеріп жатыр. Бірлескен кәсіпорын акцияларының 50 пайызы «Шеврон» компаниясына тиесілі.

Талап Тілеген

01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді
24 шiлде, 15:23
Түркістан: Басты мақсат-қылмыстың алдын алу