Төтенше оқиға кезінде не істеу керек?

14 ақпан, 16:11

Бүгін Алматы қалалық психикалық сауықтыру орталығы «Төтенше жағдай кезінде психологиялық көмек көрсету» атты семинар өткізді.

Семинардың мақсаты төтенше жағдай кезінде дүрмекке ерген халыққа дер кезінде психологиялық көмек көрсету. Семинарда сарапшылар төтенше жағдай кезінде үрейдің қауіптілігі, қателіктерге жол бермеудің амалдарын айтып, психологиялық көмек бойынша тәжірибелерімен бөлісті.

Дина Советбекова, Алматы қаласы ТЖД психологиялық көмек тобының бас маманы:

«Біздің жұмысымыз төтенше жағдай кезінде зардап шеккен тұрғындарға дер кезінде психологиялық көмек көрсету. Психологиялық көмек белгілі бір алгоритм бойынша жүргізіледі. Бізге адамның дәл сол сәттегі психологиялық күйі маңызды. Оның өзі бірнеше түрге бөлінеді. Өздеріңіз білесіздер 23 қаңтарда жер сілкінісі кезінде халық дүрлігіп, не істерін білмей қалды. Дәл сол дүрлігуді пайдаланып фейк ақпарат таратып, халықтың одан сайын үрейін ұшырғандар болды. Осындай сәттерде халықпен психологиялық жұмыс жүргізу маңызды. Жер сілкінісінен кейінгі екі тәулікте департаменттің жедел желісіне 823- тен астам қоңырау келіп түсті. Көпшілігі сілкіну қайталана ма?, қашан болады?, қайда баруымыз керек? деген сауалдармен хабарласты. Төтенше жағдай кезінде барынша сабыр сақтау маңызды. Тек ресми органдардың ақпаратына сену керек. Біз психологиялық көмекке зәру адаммен жеке сөйлесеміз. Ол адамды барынша тыныштандыруға алгоритм бойынша жұмыс жасаймыз. Сонымен қатар төтенше жағдай кезінде тұрғындар ең маңызды ережелерді білсе екен дейміз. Ол адамның қауіпсіздігі үшін қажет».

Сапар Рахменшеев, Алматы қалалық психикалық сауықтыру орталығының директоры:

«Төтенше жағдай кезінде дүрмекке ерген халық тіпті көп қабатты үйден секіріп жатты. Ондай адамдар ең алдымен өмірін сақтап қалғысы келеді. Дәл осындай әрекетімен өз өміріне одан сайын қауіп төндіріп тұрғанын түсінбейді. Бүгінгі семинарға БАҚ өкілдері мен қаламыздағы емханалардың психолог мамандарын қатыстыруымыздың маңызы зор. Төтенше жағдай кезінде психолог мамандар өз айналасындағыларға дер кезінде көмек көрсетсе екен дейміз. Өйткені дүрбелең кезінде кәсіби мамандардың көмек көрсетуі маңызды. Одан бөлек жедел желілер барлық аудандарда болуы керек. Халық өзін мазалаған сұрақтарға кәсіби түрде жауап алуы керек. Жер сілкінуі кезінде адамдардың қорқуы қалыпты жағдай. Дегенмен маман ретінде сабырлы болуға шақырамын».

Сұлтан Құдайбердиев, Бостандық ауданы бойынша төтенше жағдайлар басқармасының бас маманы, полковник:

«Төтенше жағдай табиғи әрі техногенді болып екіге бөлінеді. Біріншісін білесіздер табиғи апаттар. Ал екіншісі өндіріс орындарында болатын апаттар. Төтенше жағдай кезінде адамдар ең алдымен қандай әрекет етеді? Мысалы өткен айдағы жер сілкінісін алайық. Адамдар мұндай жағдайда ең алдымен не істейді. Әрине ғимараттың қауіпсіз бөлігін паналайды. Одан бөлек керек затттарын жинап сыртқа шығады. Дүрбелеңге берілмеуге тырысады. Бірақ осындай қарапайым ережелерді біле тұра, үрейге еретіндер бар. Департамент мамандарына жүктелген міндет халықты тыныштандыру, ресми ақпаратпен қамтамасыз ету».

Мақпал Ноғайбаева

29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді
24 шiлде, 15:23
Түркістан: Басты мақсат-қылмыстың алдын алу
23 шiлде, 12:11
Түркістан: Миллиондаған қарызы бар борышкер мен мас жүргізуші құрықталды
23 шiлде, 12:06
Түркістан: «Таза Қазақстан» аясында 21 000-нан астам құқық бұзушылық анықталды