Төрт адамнан тапанша мен оқ дәрі, пышақ тәркіленді

08 тамыз 2023, 14:36

Алматылық полицейлер төрт азаматтан травматикалық тапанша мен оқ-дәрілерді тәркіледі. Медеу аудандық полиция басқармасының бастығы Ілияс Өмірсеріковтың айтуынша, Назарбаев даңғылы мен Сәтбаев көшесінің қиылысында полиция қызметкерлері БМВ көлігін тоқтатқан.

Тәртіп сақшыларына көлік ішінде отырған төрт ер адамның іс-әрекеті күдікті болып көрінген.
«Көлік құралын тексеру барысында багаждан 2 травматикалық тапанша мен оларға арналған оқтар табылды және тәркіленді. Осы уақытта күдіктілердің бірінен тағы бір травматикалық тапанша, оқтар мен пышақ табылып, тәркіленді. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 287-бабы 2-бөлігіне (Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) сәйкес қылмыстық іс тіркеліп, тергелі жатыр», – деді Медеу аудандық полиция басқармасының бастығы Ілияс Өмірсеріков.

Полиция өкілі қарудың кімге тиесілі екендігі сотқа дейінгі тергеу барысында анықталатынын жеткізді.

JQ-Aqparat

Бүгін, 10:38
Мақсат Мақтабек: Заң – азаматтардың қорғаны
Бүгін, 10:29
Түркістан: Қоғамдағы қауіпсіздік – тәртіп сақшысының күнделікті жұмысы
07 тамыз, 14:33
Түркістан: Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жолын кесу және пробация
07 тамыз, 14:01
Түркістан: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыруға арналған шаралар
05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады