Төреғалидің Толқыны күресудің әр түрлі жолы бар екенін айтты

24 тамыз 2023, 12:49

Әнші Төреғали Төреәлінің жары Толқын Тұрарбекқызы Инстаграм желісінде оқырман сұрағына жауап берді.
Толқынның айтуынша, оған оқырмандардан неше түрлі хаттар келеді. Сондай біреудің күйеуі Төреғали туралы айтқан сөздері көңіліне тиген көрінеді.

“Толқын, ақыл үйретіп отырған сенсің. Өзіңнің жолдасың сені неше рет ұрып, қорлады. Сен соның бәріне төздің. Себебі онсыз сен өмір сүре алмайсың, өзіңді-өзің материалдық тұрғыдан қамтамасыз ете алмайсың. Бірақ сен күйеуіңмен ажырасып, бақытты өмірді таңдауыңа болатын еді. Алладан тиран күйеуден құтқаруын сұрап, өзіңе лайықты ер азаматпен тыныш өмір кешуді сұрауға мүмкіндігің бар еді. Бірақ оның орнына барлығына төзіп, шыдамды болуға үйретіп жүрсің”, – делінген хатта.

Толқын өзгенің өмірі туралы сырттай ештеңе айтуға болмайтынын ескертті.

“Жекеме өте көп хаттар келеді. Соның біреуіне қатысты ескерту айтқым келеді. Қыздар, сенімен өмір сүріп жатқандай сенімді жазатындарды оқығанда таңғаламын кейде. Адамның ішін де, сыртын да бұл өмірде ешқашан шын мәнісінде біле алмаймыз. Көзбен көргеннің өзі жалған болып қалмасына ешкім кепіл емес. Сондықтан ақиқатты білмей пікір айтудан аулақ болсаңыздар. Әйелдер қауымына тиран күйеуге шыдасын демеймін. Бірақ күресудің әртүрлі жолы бар. Уақыты келгенде біраз ақиқатты білгенде қатты ұялып қалмасаңыздар екен. Барлық нәрсенің ақырын білмей, тон пішуден аулақ болайықшы”, – деп жауап берді Төреғалидің әйелі.

JQ-Aqparat

 

Бүгін, 14:33
Түркістан: Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жолын кесу және пробация
Бүгін, 14:01
Түркістан: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыруға арналған шаралар
05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз