Төреғалидің қанынан мефедрон табылған дейді

23 қазан 2023, 15:55

Өткенде Төреғали Төрәлі көлігімен көшеде құйғытып бара жатқан жерінен ұсталып, жұртты біраз дүрліктіріп тастап еді. Одан кейін әншінің көше сыпырып жүргенін көрдік. Енді Төреғалидің адвокаты мен нарколог маман Дина Төлепбергенге берген сұхбатта тағы бір әңгіменің шетін шығарды.
Әншінің адвокаты Элнұра Кішкенбаева Төреғалиды бәрі жабылып, наркодиспансерге апарғанын, бірақ оның қасында ешкім болмағанын айтады. Ол тест Төреғалидың көз алдында жасалуы керек екенін, бәлкім, зәрін ауыстырып жіберген шығар деген күдігін жайып салды.
Ал нарколог Санжан Тұрсынметовтың айтуынша, ешқандай дәрігер біреудің анализін ауыстыра алмайды. Полиция қызметкерлерімен бірге біздің орталыққа барады. Сол орталықта анализ тапсырылады. Бірақ екі дүниеде де біреудің зәрін біреудіңкімен ауыстырып қоятындай, біздің дәрігерлердің басы екеу емес. Егер сіз күмәнмен қарасаңыз, сол мезетте тәуелсіз экспертиза жасауға құқығыңыз болған», — дейді ол.

Сұхбатта айтылғандай, әншінің қан құрамында мефедрон табылған көрінеді.

JQ-Aqparat

01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді
24 шiлде, 15:23
Түркістан: Басты мақсат-қылмыстың алдын алу