Төреғали Төреәліні ешқашан шақырмас едім

09 қазан 2023, 11:49

Тележүргізуші Тимур Балымбетов отандық бағдарламаның біріне сұхбат берген кезінде ешқашан Төреғали Төреәліден сұхбат алмайтынын мәлімдеді.

Бұл туралы ERNUR.KZ хабарлады.

«Мен Төреғалиді сұхбатқа шақырмас едім. Үнемі хайп қуып жүретін адамдар маған керек емес. Бір рет шу шығарған, кейін соны жүйелі түрде жасайтын адамдар менің форматыма сәйкес келмейді. Сұхбат деген адамды танып-білудің, оны басқа қырынан көрудің құралы. Сондықтан сенің сұхбатқа шақырған адамыңнан ел өзіне бір керегін алатындай, жоқ дегенде ой-танымы бірнеше сантиметрге өсетіндей болуы керек. Оның үстіне менің арнама, менің сұхбатыма көрермендер сұхбат берушінің танымалдығы, хайпы үшін келгенін қаламаймын. Әңгімелесетін адамды іздегенде ең алдымен «Бұл көрерменге не береді? Пайдалы бірдеңе айта ала ма?» деп ойланып, сараптап, сосын барып шақырамын», — деді.
Жүргізуші сондай-ақ ешқашан ақы үшін сұхбат алмайтынын жеткізді. «Сұхбаттасатын адамың саған қызық болмаса, оған бар ынтаңмен дайындалып, қуана-қуана әңгімелеспесең, онда оның несі қызық? Қазір менің сұхбатыма ақша беріп шыққысы келетіндер бар. Кейде әйелім «Сенің сұхбатыңа келгісі келетіндерге «жоқ» демегенде осы уаққа дейін байып кететін едік» деп күледі. Мен өзіме ұнамаған адамдарды кейде басқа әріптестеріме жіберемін», — деді Тимур Балымбетов.

Бүгін, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді