Топырақты заңсыз сатқан мекеме айыппұл төледі

30 қазан 2023, 14:24


Атырау облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы «Нұрманияз-Атырау» ЖШС-ның кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруге рұқсатын пайдаланып, 2021-2022 жылдары 88 542 м³ топырақты заңсыз сатқанын анықтады.

Рұқсатты беру үшін «Морское» кен орнындағы гидротехникалық құрылыстардың үйіндісін қалпына келтіру туралы мердігерлік шарт негіз болған. Алайда шартта топырақты өзге мақсатта сату көзделмеген.

«Облыс әкімдігіне енгізілген прокурорлық қадағалау актісінің нәтижелері бойынша «Нұрманияз-Атырау» ЖШС-дан бұрын берілген рұқсат қайтарып алынды.

Аталған факт бойынша ЖШС-дан сотпен 851 млн теңге мемлекетке келтірілген залал өндірілді. Сот шешімі заңды күшіне енді», — деп жазды бақылаушы органнан.

Өз кезегінде, прокуратура «жер қойнауы ресурстарына, оның ішінде өңірдің экологиясына зиян келтіргені үшін жауаптылықтың сөзсіз болатынын» ескертеді.

JQ-Aqparat

01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді
24 шiлде, 15:23
Түркістан: Басты мақсат-қылмыстың алдын алу