Тимур Сұлтанғазиев: Биыл қызылшамен ауырғандар саны 11 мыңнан асты

02 қараша 2023, 12:14

Еліміздегі екі ірі қала мен екі облыста қызылша ауруы қарқынды таралып жатыр. Бұл туралы Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев айтты.

«Тек биыл қызылшамен ауырғандар саны 11 мыңнан асып түсті. Жалпы, сыртқанттанған адамдардың 83 пайызы 14 жасқа дейінгі балалар. Олардың басым бөлігі, яғни 85 пайызы екпе алмаған. Сондықтан екпені нығайту бойынша жұмыс жалғасып жатыр. Мәселен, жақында ғана Қазақстанның бас мемлекеттік санитар дәрігері Айжан Есмамағамбетова балаларға қосымша екпе жүргізу туралы айтқан. Бұл ретте, 6-11 айлық сәбилер мен 2-5 жас аралығындағы балаларға екпе салынады», — деді Т. Сұлтанғазиев Сенаттың жалпы отырысынан кейін тілшілер сұрағына жауап бере отырып.
Оның айтуынша, қызылша ауруының таралуы бойынша Алматы, Жамбыл облыстары мен Шымкент және Алматы қалаларында жағдай күрделі.
«Қызылша ауруының таралуы барша әлемде байқалып отыр. Негізгі себептердің бірі — коронавирусқа қарсы іс-шаралар кезінде вакцинацияның жүргізілмеуі. Еліміздің аталған өңірлерінде халық тығыз орналасқан және сәйкесінше бала туу көрсеткіші де жоғары. Тұрғындар санының көп болуына байланысты ондағы ауруды жұқтырғандар санының артқанын байқауға болады», — деді вице-министр.

JQ-Aqparat

01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді
24 шiлде, 15:23
Түркістан: Басты мақсат-қылмыстың алдын алу