jasqazaq.kz

Тимур Құлыбаев: Халыққа арзан ипотека беру керек

29 қараша 2017, 18:02

«Атамекен» ҰКП басшылығы Шығыс Қазақстан облысы әкімі Даниал Аxметовтың ұсынысын Премьер-Министрге жеткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Өткен аптада біз Шығыс Қазақстанда болдық. Даниал Кенжетайұлы (ШҚО әкімі — авт.) айтады, баспана құрылысын қаржыландырудың қажеті қанша? Оның бәрін екінші деңгейлі банктерге беріп тастауға болады ғой. Ал әлеуметтік жағынан аз қамтылғандарға көмектесетін болсақ, арзан ипотеканы берейік. Қазір бізде тұрғын үй құрылысымен «Самұрық-Қазына» айналысады, «Бәйтерек» холдингі айналысады. Олар баспана құрылысымен емес, ел экономикасымен айналысуы қажет. Ал тұрғын үй құрылысын жеке бизнес те атқара алады. Бұны жай адам айтып отырған жоқ. Әкім айтып отыр. Ол да кезінде Үкіметті басқарған», — деді «Атамекен» ҰКП президиум төрағасы Тимур Құлыбаев бүгін палатаның кеңейтілген отырысында.

Президиум басшысының айтуынша, мемлекеттің қыруар қаражатын «Самұрық-Қазына» қоры, «Бәйтерек» пен әкімдіктер арқылы құрылысқа салғанша ол ақшаға ипотеканың пайыздық мөлшерлемесін субсидиялауға болады. Осылайша, ипотеканы xалыққа барынша қолжетімді етуге мүмкіндік бар.

Айта кетейік, «Атамекен» ҰКП президиумның кеңейтілген отырысына ҚР Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев қатысты. Мәжілісте кәсіпкерлікті дамыту бойынша атқарылған жұмыстар мен алдағы шаралар талқыланып, осы саладағы өзекті мәселелер де пысықталды.

10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы
09 тамыз, 15:04
Бахадыр Мәдәліұлы: Мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету – мәслихат пен партияның ортақ міндеті
06 тамыз, 20:36
Алматыда көше және сәулеттік жарықтандырудың бірыңғай жүйесі жасалады
05 тамыз, 12:34
Бала жанын түсіну – рухани жауапкершілік
31 шiлде, 15:56
Тайланд-Камбоджа: Шиеленіс қалай шешілді?
31 шiлде, 15:21
2,7 млн жайылым жер мемлекетке қайтарылды: жұмыс жалғасады
31 шiлде, 15:00
Айгүл Жамалбекова: Мүмкіндігі шектеулі жандарға ешқандай шектеу жоқ
31 шiлде, 14:48
Қолжетімді баспана – мемлекеттік тұрғын үй саясатының басым бағыты
31 шiлде, 12:19
Жетісайда мүмкіндігі шектеулі жандардың өтініші басты назарда