jasqazaq.kz

Тілсіз қалған халық бар

09 тамыз 2019, 11:58

Бүгін – Әлемдегі ежелгі халықтар күні. Бір қарағанда әдемі де айтулы күн. Бірақ жер бетіндегі әрбір халық көптеген қиындықтармен бетпе бет келуде. Әсіресе тілін жоғалтқан ұлттардың тағдыры өте ауыр. Мәселен Біріккен Ұлттар Ұйымының деректері бойынша ежелгі ұлттардың 40 пайызының тілі мүлде жоғалу алдында.

БҰҰ-ның адам құқы жөніндегі сарапшылары әлгі 40 пайыз дегеніңіз 2 800 тіл екендігін айтады. Егер әлемде 7000 тіл барын ескерсек, көп ұлттар мен ұлыстардың тілі құрдымға кетіп барады. Тіпті кейбір тілді бірнеше адам ғана біледі. Олардың әрқайсысы соңғы демі біткенше мәдениеті мен дәстүрін сақтап қалу үшін жанталасып жатыр.
Ежелгі халықтардың тілі әлемдік қауымдастықты сақтап қалу үшін аса қажет екен. Оның негізінде дәстүрлер мен қоршаған орта және мәдениетаралық қарым-қатынастың қалыптасқан өзегі жатыр. Олар ортақ тіл табысуға және адамзатты сақтап қалуға дәнекер. Алайда көптеген ұлттар өз тілінде сөйлегені үшін құқынан айырылған. Саяси және басқа да қысымға ұшыраған. Мәдениетін жоғалтқандардың болашақта өздері де жоғалатыны анық. Осыдан да болар, БҰҰ осы онжылдықты «Ежелгі халықтар тілі» деп жариялаған. Сарапшылар БҰҰ-ға мүше елдердің басшыларын ежелгі халықтар тілін, құқын, мәдениеті мен салт-дәстүрін сақтауға шақырып жатыр.

Жолдасбек ДУАНАБАЙ

Бүгін, 14:08
Әлібек Молдакәрімов: Өңірдегі жобалар негізінен өңдеу өнеркәсібіне бағытталған
Бүгін, 12:46
АЭС құрылысы: Дұрыстығы дәлелденген тарихи шешім
20 наурыз, 11:24
Қорғаныс қабілеті мықты мемлекет ертеңге сеніммен қарайды
19 наурыз, 12:31
Әскери ынтымақтастық: Қуатты қорғаныс саясатының берік кепілі
18 наурыз, 13:39
«Таза Қазақстан» әркімнің өзінен басталады
18 наурыз, 12:56
Мирас Тоқтарханов: Абай облысында ауыл шаруашылығының барлық бағытына қолдау бар
17 наурыз, 15:22
Мұнай өңдеу: Әлеует пен әрекет үндескенде
17 наурыз, 12:25
Рәтбек Демеуберген: Біздің басты міндетіміз - кез келген жағдайға жедел әрекет ету
16 наурыз, 14:26
Бауыржан Ізмағамбетов: Ауыз су жүйесімен қамту деңгейі 100 пайызға жетті