jasqazaq.kz

Теріс ағымнан түзу жолға жетелейтін орталық ашылды

25 қараша 2016, 21:56

Ақтөбеде жат ағымның жетегінде кеткен әйелдерді түзу жолға түсіретін орталық ашылды. Мұндай діни мекеме ел бойынша әзірге жалғыз. Әсіредіншілдер қатарында әйелдер көбейіп бара жатқан соң әдейі осы аймақты таңдап алдық дейді діндарлар. Онда дәріс өткізіп, ислам қағидаларынан бөлек ұлттық әдет-ғұрыпты да насихаттайтын болады.

aktobe

-Ақтөбеде жат ағымның жетегінде кеткен екі мыңнан астам адам тіркеуде тұр. Ал олардың жартысына жуығы әйелдер. Мамандар дін мәселесіне келгенде қыз-келіншектердің сезімге тез берілетінін айтады. Сондықтан жолай естіген уағызға елтіп, ертесіне-ақ қара жамылып алуға бейім екен.

Қазірдің өзінде жиһад үшін шетел асқан ақтөбелік бірнеше келіншек халықаралық іздеуде жүр. Жыл басында жергілікті тәртіп сақшылары Сириядағы соғысқа бара жатқан бір автобусты ұстайды. Ішіндегі әйелдер күйеулерінің дегеніне көніп аттанған екен. Олармен сөйлескен мамандар ешбірінің діннен жөнді хабары жоқтығын айтады. Сондықтан әсіредіншілердің әлегінен әйелдерді құтқару үшін Ақтөбеде оңалту орталығын ашуды қолға алған.

Бауыржан Есмахан, Ақтөбе облыстық дін істері басқармасының басшысы:    

-Араб елінің діні мен дәстүрін бір-бірінен ажырата алмай сол елдің киімін әкелгісі келетіндер бар. Біздер осындай орталық арқылы үстеріңіздегі қара киім, беттерін жауып жүретін никаб ол біздің дәстүріміз емес ол шариғаттың міндеттегені емес деп түсіндіріп жатырмыз.

Ақтөбелік әйелдер діни сауат ашу үшін аймақта өздеріне ешбір жағдайдың жасалмағанын айтады. Еркектер жиналатындықтан қыз-келіншектер мешіттегі жамағатқа қосыла алмай қиналады екен.

Күләш Нұрғалиева, Ақтөбе қаласының тұрғыны:

-Көшіп-қонып жүргеннен  ыңғайлы. Ер адамдар жоқ. Намазымызды оқимыз, сабағымызды оқимыз.

Жаңа орталықта төрт маман дінге қатысты сабақ беретін болады. Одан бөлек сондағы дәстүр үйінде ұлттық әдет-ғұрыпты насихаттамақшы. Сол арқылы имамдар қара жамылған қыз-келіншектердің бетін бері қаратпақ ниетте.

 

ktk.kz

18 қараша, 15:39
Түрксіб ауданы Алматының «жасыл-желегі жайқалған қала» мәртебесін нығайтып жатыр: 772 мыңнан астам ағаш егіліп, көшелер көгалданды
18 қараша, 15:30
Алматының Түрксіб ауданы осы маусымдағы ең ауқымды абаттандыру жұмысын аяқтап, тұрғындар таңдаған 32 жобаны жүзеге асырды
14 қараша, 18:02
Жасыл желек пен жарық — Алматыда Торайғыров көшесінде ауқымды жаңарту жұмыстары аяқталды
14 қараша, 17:40
Алматыда мектептің сыйымдылығы 300 оқушыға дейін ұлғайтылады
14 қараша, 17:37
"Таза Қазақстан": Алматыда «Қағаз boom» экологиялық акциясы өтті
12 қараша, 13:39
Алматының Бостандық ауданында жаңа емхананың құрылысы аяқталуға жақын
11 қараша, 11:04
Дархан Сатыбалды: Сәулеттік жарықтандыру қаланы заманауи әрі қауіпсіз етеді
10 қараша, 10:44
Дархан Сатыбалды Алматыдағы жаңа скверді аралады
31 қазан, 19:45
APEC ашық әрі әділ сауда-саттықты қолдауға шақырды