jasqazaq.kz

Temu-дің Дублиндегі штаб-пәтерінде тінту жүргізілді

24 желтоқсан 2025, 13:09

Temu компаниясының Дублиндегі еуропалық штаб-пәтеріне тінту жасалды. Оған ЕО реттеушілері санкция берген. Негізгі себеп — Қытайдан заңсыз субсидия алған болуы мүмкін деген күдік.
Желтоқсан айының басында Ирландия астанасының элиталық ауданында орналасқан Temu-дің Еуропадағы өкілдігі кеңсесінде тінту жүргізілгені белгілі болды. Компания қызметкерлері бұл туралы алдын ала ескертілмеген. Ақпаратқа сәйкес, Еурокомиссия өкілдері қытайлық маркетплейсті Қытайдан заңсыз субсидия алады деп күдіктеніп отыр.
«Біз комиссияның ЕО-да электрондық коммерция секторында жұмыс істейтін компанияның ғимараттарында шетелдік субсидиялар туралы регламентке сәйкес жоспардан тыс тексеру жүргізгенін растаймыз», — деп мәлімдеді Еурокомиссияның өкілі.
Бұған дейін Еурокомиссия Temu-ге қатысты тергеу бастаған болатын. Маркетплейс заңсыз тауарларды сатты деген күдікке ілінген. Платформадағы тауарлардың төмен сапасы да сынға ұшыраған. Сонымен қатар, БАҚ балалар тауарларында, косметика мен киімде қауіпті химиялық заттардың жоғары концентрациясы анықталғанын хабарлаған.
Айта кетейік, Қазақстан депутаттарының да Temu-ге қатысты сұрақтары болған. Мәселен, 2024 жылы Қазақстанда қытайлық маркетплейстердің елде тіркелмегені талқыланды. Мәжіліс депутаты Азат Перуашевтің айтуынша, мемлекеттік бюджет шетелдік маркетплейстерден қосылған құн салығы ретінде шамамен 60 млрд теңге көлемінде кіріс алмаған. Бұл деректер жарияланғаннан кейін қытайлық маркетплейстер, оның ішінде Temu де, Қазақстанда тіркеуден өтті.
Дегенмен, құны 200 еуроға дейінгі сәлемдемелерге қатысты бажсыз әкелу шегі әлі де сақталып отыр. Ал Еуроодақта бұл жағдайдың экономикаға тигізер зияны туралы ойлай бастады және бажсыз әкелуді тоқтату мүмкіндігі талқылануда.

JQ-Aqparat

Сурет: ашық дереккөз

15 наурыз, 14:02
Шавкат Рахмонов Қонаев қаласында дауыс берді
15 наурыз, 13:36
Қызылорда: Қазақтың үш ханы дауыс беруге келді
13 наурыз, 17:27
Елімізде теміржол инфрақұрылымы жаңғыртылып жатыр
13 наурыз, 16:07
Тіршілік нәрі судың нарқы қашанда қымбат
12 наурыз, 15:28
Қызылордада тұрғын үй құрылысы қарқын алып келеді
11 наурыз, 12:19
«Таза Қазақстан» акциясы биыл өз жалғасын таппақ
10 наурыз, 15:21
Елімізде 163 жаңартылатын энергия нысаны жұмыс істейді - вице-министр
05 наурыз, 16:08
Батыс Қазақстанда су тасқынына қарсы дайындық шаралары күшейтілді
18 ақпан, 13:05
Жаңа Конституция: Ресурстық экономикадан – Интеллектуалдық модельге