Теміртаулық оқушы қыз түрлі-түсті құрт жасап шығарды (ФОТО)

26 сәуiр 2016, 17:42

Қарағанды облысының Теміртау қаласындағы №15 гимназияның оныншы сынып оқушысы құрт жасаудың жаңа технологиясын ойлап тапты. Ол болашақта қызылша, сәбіз, қауын және жаңғақтың дәмі бар құрт шығаруды көздеп отыр, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

Әйгерім Құсайынова ірімшіктің түрлі сұрыптарын ажырата білуді әжесінен үйренген екен. Ал енді түрлі тәжірибелер жасау арқылы, құрттың мүлдем жаңа төрт түрін өмірге әкелді. Қазір теміртаулық гимназияның оқушылары қызылша, сәбіз, қауын мен жаңғақ дәмдес құрттың дәмін татып жүр.

«Екі жылдай тәжірибе жүргізіп, ірімшіктің кез келген тағам түрімен үйлесетінін байқадым. Мысалы, банан, киви араластырып көрдік.  Бірақ ірімшікке кивиді араластырғанда, ол сұйылып, дәмі де өзгереді. Оған қоса құрт тез бұзылады. Ал қызылша, қауын, сәбіз бен жаңғақ жақсы үйлесті», – дейді  Әйгерім Құсайынова.

Дәстүрлі тағамды дайындаудың жаңа технологиясын ол былтыр ғылыми-практикалық конференцияда таныстырып, 1-орынды жеңіп алды. Ал биыл өзінің жетекшісімен бірге патент рәсімдеп, өзі ойлап тапқан құрт брендін шығаруды ойға алып отыр.

№15 гимназияның технология пәнінің мұғалімі Саягүл Ахметованың айтуынша, Әйгерім ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысу үшін құжат дайындап жатқан көрінеді.

«Бұл құртты мектеп қабырғасында дайындадық. Ең бастысы, ол табиғи бояулардың арқасында көз тартарлықтай болып шықты. Оның пішінін түрлі етіп жасауға болады. Сондықтан, бұл жобаның болашағы зор деп ойлаймын», – дейді С.Ахметова.

24 сәуiр, 14:22
Талғат Байеділов: Халық үніне әрдайым құлақ асамыз
24 сәуiр, 11:46
Сүтпен шай – дәстүр ме, әлде денсаулыққа қауіп пе?
16 сәуiр, 12:17
II Орталық Азия медиафорумы - ақпараттық ынтымақтастыққа арналған бірегей алаң
10 сәуiр, 14:02
"Қазпошта" алаяқтардың асына айналған ба?
07 сәуiр, 14:29
Көктемде психикалық аурулар неге асқынады?
01 сәуiр, 19:13
Саудада достық жоқ
31 наурыз, 16:10
Мақта кластері: Шикізаттан –дайын өнімге
31 наурыз, 15:45
Астана – даму драйвері
30 наурыз, 12:48
Мұхит Тұрысбеков: Ауыз су мәселесін толық шешу – басты міндеттің бірі