Теміртауда қылмыстық топ ұсталды

26 қазан 2023, 10:34

Теміртауда жастардан құралған қылмыстық топ ұсталды.
Рolisia.kz. хабарлағандай, 22 қазанда Қарағанды облысы полиция департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жүргізген кешенді жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Теміртау қаласында облысағы ахуалға кері әсерін тигізіп, құқыққа қарсы жұмыс істеген жастар тобының іс-әрекеттеріне нүкте қойды. Жүргізілген кешенді жедел жұмыстар барысында фигуранттардың қылмысқа қатысы бары дәлелденіп, олардың қоғамдық орындарда жасаған қылмыстары бойынша дәлелдемелер жинақталды.
Қылмыстық топты ұстау барысында 21 тінту жұмысы жүргізіліп, соның нәтижесінде шолақ ұңғылы атыс қаруы, травматикалық тапанша, оқ-дәрілер, есірткі және психотроптық заттар тәркіленді. Полиция бөліміне 21 адам жеткізіліп, оның негізгі деген 8 күдіктісіне  қамауға алу бұлтартпау шарасы қабылданды. «Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша, Қылмыстық Кодекстің бопсалау, бұзақылық және атыс қаруын сақтау баптары бойынша сотқа дейінгі тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр»,– деп хабарлады Қарағанды облыстық полиция департаментінің бастығы Санжар Әділов.

JQ-Aqparat

01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді
24 шiлде, 15:23
Түркістан: Басты мақсат-қылмыстың алдын алу