Темекі шегумен күресте зиянды азайту стратегиясы тиімді шара

30 наурыз 2023, 12:30

ТКНК – денсаулық сақтау саласындағы ең танымал құжат. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы 2005 жылы қабылдаған. Бұл конвенцияға 130 ел қосылды әрі БҰҰ тарихындағы ең кең таралған шарттың бірі. Алайда соңғы кездері темекіге қарсы күрес жөніндегі негіздемелік конвенция сынға жиі ұшырап жүр. Құжат талай жылдан бері болса да, тиісті нәтиже берген жоқ, темекі шегушілер қатары сиремеді. Қазіргі уақытта әлемде бұрынғысынша шамамен 1,14 миллиард белсенді темекі шегуші бар екен.

Әлемдік құжат ДДҰ созылмалы аурулар және денсаулықты нығайту департаментінің бұрынғы басшысы Роберт Биглхол және ДДҰ жұқпалы емес аурулар кластеріндегі қадағалау жөніндегі бұрынғы директоры Рут Бонитаның сын садағына ілінді. Айтуынша, темекіге қарсы күрес жөніндегі негіздемелік конвенция әзірленген 20 жылдан бері көп нәрсе өзгерді, темекі өнімдерін пайдаланумен күресте ондағы әдістер ескірген. Сол себепті прогресс пен жаңа ғылыми деректерді ескере отырып жаңартуды талап ететініне сенімді.

«ДДҰ мен ТКНК саласындағы жетіспейтін стратегия зиянды азайту. Қыздырылған темекі және құрамында никотині бар түтінсіз өнімдер дәстүрлі темекіге қарағанда аз қауіп тудырады, өйткені оларда жану процесі толығымен жоқ. Көптеген адам темекі шегеді, өйткені олар никотинге тәуелді. Егер темекі деген әлдеқайда зияны аз тәсілді қолданса, темекіден келетін зиян азаяды. Бұл баламалар темекі өнеркәсібін бұзуда үлкен әлеуетке ие», — дейді Роберт Биглхол мен Рут Бонита.

Сарапшылар әлемде жыл сайын бір миллиардтан астам темекі шегушілер темекіге шамамен 800 миллиард доллар жұмсайтынын атайды. Зиянды әдеттен АИТВ, туберкулез және безгек ауруынан да көп өлім-жітімге әкеледі. Әсіресе, кедей мемлекеттерде темекі шегушілердің саны артып келеді екен.

«Әлемдегі 5 темекі шегушінің төртеуі табысы төмен және орташа елдерде тұрады. Темекі шегуден туындаған 8 миллион өлімнің көпшілігі сол елдерде болады. Жаһандық деңгейде темекі шегушілердің жалпы саны іс жүзінде өзгерген жоқ», – делінген Роберт Биглхол мен Рут Бониттің The Lancet журналында жарияланған мақаласында.

Сала мамандары зиянды азайту тұжырымдамасы деп аталатын бұл тәсіл кейбір елдерде өзінің тиімділігін көрсеткенін айтады. Бұл құптарлық жайт. Темекімен күресте зиянды азайту стратегиясын қолданған жөн. Әйтпесе, темекі шегуден болатын зиянның көп бөлігі темекінің жануынан және сол кезде бөлінетін шайыр, көміртегі тотығы, 69 канцерогендер және шамамен тағы 6000 түрлі химиялық қосылыстан болатын зиянды заттардан туындайды.

Талап Тілеген

04 мамыр, 21:28
Ғибратты ғұмырдың жетпіс жетінші көктемі
30 сәуiр, 13:50
Алмасбек Нұғыман: Парламенттің қуатты болуы – халықтың қолдауынан
28 сәуiр, 14:24
Сары атлас көйлек
24 сәуiр, 14:22
Талғат Байеділов: Халық үніне әрдайым құлақ асамыз
24 сәуiр, 11:46
Сүтпен шай – дәстүр ме, әлде денсаулыққа қауіп пе?
16 сәуiр, 12:17
II Орталық Азия медиафорумы - ақпараттық ынтымақтастыққа арналған бірегей алаң
10 сәуiр, 14:02
"Қазпошта" алаяқтардың асына айналған ба?
07 сәуiр, 14:29
Көктемде психикалық аурулар неге асқынады?
01 сәуiр, 19:13
Саудада достық жоқ