Оқушының әкесі мұғалімнің әрекетін кемсітушілікке балаған. Аталған дерек бойынша тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Fox 26 басылымына сілтеп Stan.kz.
АҚШ-тың Техас штатындағы бастауыш сынып мұғалімі полиция шақырып, террористік әрекет жөнінде хабарлаған. Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері мұғалімнің 6 жасар мұсылман оқушыны террорист деп айыптағанын анықтаған.
Мұғалім оқушының айтқан сөзінен кейін полицияға хабарласқан екен.
Оқушының әкесінің айтуынша, баласының дамуында аздаған қиындықтар бар болғандықтан, сөйлей алмайды екен.
«Бұл барып тұрған ақымақтық. Мұның бәрі – баламды кемсіту», – дейді оқушының әкесі.
Аталған дерек бойынша тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.