Тәжірибе жинаймын деп, ақша ұрлапты

03 қазан 2023, 10:37
zharptitsann.ru

zharptitsann.ru

Қарағандыда 21 жастағы бойжеткен супермаркетке жұмысқа тұру үшін тәжірибе жинау күндерінде кассадан ақша ұрлап, кейін жұмысқа келмей қалған. Оның не себепті келмей кеткені кассадан ақшалар жоғалған кезде анық болған, — деп хабарлайды Polisia.kz.
Полицияның мәліметінше, бойжеткен супермаркетке тағылымгер (стажер) болып жұмысқа келген. Ол касса апаратын үйрену үшін сол жерде жұмыс істеуді өтінген. Келесі күні белгілі бір себептермен жаңа қызметкер жұмысқа келмей, кейіннен мүлдем көрінбей кеткен.

«Бойжеткеннің кенет жоғалуының себебі тексеру барысында қызмет көрсететін кассадан ақша ұрлағанан кезде байқалған. Келтірілген шығын көлемі 220 мың теңгені құрады. Супермаркет әкімшілігі Қарағанды қаласы УПП Октябрь полиция бөліміне хабарласты.», — деді полиция.

Жедел іздестіру шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері күдікті 21 жастағы қызды ұстады. Ол кінәсін мойындады.

Полицейлер ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы «Ұрлық» бойынша сотқа дейінгі тергеу барысында күдіктінің осыған ұқсас тағы бір қылмысқа қатыстылығын анықтады.

Ол тағы да басқа супермаркетке тағылымдамадан өтуші болып жұмысқа орналасқан. Бұл жағдайда қыз кассадан 80 мың теңге алып кеткен.

JQ-Aqparat

05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді