jasqazaq.kz

Тәжікстан Президенті Мұрат Нұртілеуді қабылдады

29 тамыз 2025, 16:25

Тәжік тарапының шақыруымен Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Душанбе қаласына жұмыс сапарымен барды, деп хабарлайды jasqazaq.kz..

Сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, сапар аясында Қазақстан сыртқы саяси ведомствосының басшысы Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмонның қабылдауында болды.

Тәжікстан басшысы соңғы жылдары екіжақты өзара іс-қимылдың жоғары деңгейге жеткенін қанағаттанушылықпен атап өтіп, Қазақстанмен жан-жақты ынтымақтастықты одан әрі дамыту арқылы қазақ-тәжік стратегиялық серіктестігі мен одақтастығын нығайтудың маңыздылығына ерекше тоқталды. Э.Рахмон Қазақстан Президентінің өңірлік ынтымақтастықты тереңдетуге бағытталған сындарлы бастамаларын оң бағалап, оларды қолдайтынын айтты.

Өз кезегінде М.Нұртілеу Тәжікстан көшбасшысына Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жылы сәлемі мен ізгі тілектерін жеткізді, сондай-ақ биік және жоғары деңгейдегі уағдаластықтардың жүзеге асырылу барысы туралы хабардар етті.

Кездесуде қос мемлекет көршілермен теңгерімді және болжамды қарым-қатынастар орнату арқылы Орталық Азия өңірінің бірлігі мен ынтымағын нығайтуды қолдайтыны аталып өтті. Тараптар өңірлік ортақ мүдделерді әрдайым басымдық ретінде қарастыратынын мәлімдеді.

Кездесудің маңызды нәтижесі ретінде Президент Э.Рахмон ХХІ ғасырда Орталық Азияны дамыту мақсатындағы достық, тату көршілік және ынтымақтастық туралы шартқа қол қойды. Бұл қадам өңірлік ынтымақтастық пен орнықты дамудың жаңа кезеңін ашатын тарихи меже болды.

Шарт ережелерін іске асыру өзара тиімді, жан-жақты серіктестікті жандандыруға елеулі серпін береді деп күтілуде.

JQ-Aqparat

Сурет: Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі 

Бүгін, 12:31
Әскери ынтымақтастық: Қуатты қорғаныс саясатының берік кепілі
18 наурыз, 13:39
«Таза Қазақстан» әркімнің өзінен басталады
18 наурыз, 12:56
Мирас Тоқтарханов: Абай облысында ауыл шаруашылығының барлық бағытына қолдау бар
17 наурыз, 15:22
Мұнай өңдеу: Әлеует пен әрекет үндескенде
17 наурыз, 12:25
Рәтбек Демеуберген: Біздің басты міндетіміз - кез келген жағдайға жедел әрекет ету
16 наурыз, 14:26
Бауыржан Ізмағамбетов: Ауыз су жүйесімен қамту деңгейі 100 пайызға жетті
15 наурыз, 14:02
Шавкат Рахмонов Қонаев қаласында дауыс берді
15 наурыз, 13:36
Қызылорда: Қазақтың үш ханы дауыс беруге келді
13 наурыз, 17:27
Елімізде теміржол инфрақұрылымы жаңғыртылып жатыр