jasqazaq.kz

Тәжікстан электросамокатқа тыйым салды, бізде қашан?!

11 қазан 2025, 12:30

Алматыда электросамокат айдаушылар әбден бетімен кетті.
Кеше, 9 қазан күні кешқұрым Абай даңғылында кішкентай қыз баланы қағып кеткен. Оқиғаны көзімен көргендер жаяу жүргінші жолында екі электросамокат зымырап өткенін, әрқайсысына екі адамнан мініп алғанын айтады.
Қыз баланың аяғы жарақаттанған.
Алматы полиция департаменті осы оқиғаға қатысты тексеру жүргізіп жатқан көрінеді. Бірақ оның нәтижесі қандай болмақ?
2023 жылы қабылданған заңның самокат мәселесін шешуге түк әсері болмағанын мойындайтын кез келді. Осы заңды мақтаған халық қалаулылары одан хабарсыз болса, айта кетейік.
Біріншіден, самокат айдаушылар негізінен тротуарда ызғытып жүретіндіктен, жаяу жүргіншіге үздіксіз қауіп төндіруде. Тротуардағы жылдамдық 6 шақырымнан аспауы керек деген талаптың орындалуын қадағалау мүмкін емес.
Екіншіден, электрсамокатқа екі адамның мінуіне тыйым салынса да, оған пысқырып жатқан жан жоқ. Ер адамды былай қойғанда, әйелдердің өзі баласын алдына тұрғызып алып  жүйткиді.
Үшіншіден, қолданыстағы заңға сәйкес, жолдан өткенде самокаттан түсіп, «жетектеп» өтуі тиіс. Байқасақ, олай өтетіндер некен-саяқ.
Көшенің шетінде жүруге рұқсат берілсе де, автокөлікпен жарысуға жүректері дауаламайтын сияқты. Одан гөрі тротуарда жүргіншілерге қауіп төндіргенді тәуір көреді.
Қысқасы, электросамокатқа толық тыйым салмайынша, жаяу жүргіншілер көшеде алды-артына қарап, алақ-жұлақ етуге мәжбүр.
Айтпақшы, Тәжікстанда 2030 жылға дейін электросамокат, электроскутер дегендердің жүруіне тыйым салынды.
Jas Qazaq

17 наурыз, 15:22
Мұнай өңдеу: Әлеует пен әрекет үндескенде
16 наурыз, 14:26
Бауыржан Ізмағамбетов: Ауыз су жүйесімен қамту деңгейі 100 пайызға жетті
15 наурыз, 14:02
Шавкат Рахмонов Қонаев қаласында дауыс берді
15 наурыз, 13:36
Қызылорда: Қазақтың үш ханы дауыс беруге келді
13 наурыз, 17:27
Елімізде теміржол инфрақұрылымы жаңғыртылып жатыр
13 наурыз, 16:07
Тіршілік нәрі - судың нарқы қашанда қымбат
12 наурыз, 15:28
Қызылордада тұрғын үй құрылысы қарқын алып келеді
11 наурыз, 12:19
«Таза Қазақстан» акциясы биыл өз жалғасын таппақ
10 наурыз, 15:21
Сұңғат Есімханов: Елімізде 163 жаңартылатын энергия нысаны жұмыс істейді